ЖҰЛДЫЗДЫ 25 КҮН!
“Жұлдызды 25 күн!”. Солтүстікқазақстандықтар ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына дейінгі әр күнді мерекеге айналдырмақ. Облыс орталығындағы Спорт сарайында өткен республикалық акцияның алғашқы күні химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 500-ге жуық оқушысы дайындаған флешмобпен басталып, мемлекеттік Гимн шырқалды.