ЖЕРЛЕСІМІЗ ЛАУРЕАТ АТАНДЫ
Жерлесіміз Есения Епифанцева ұлттық “Бала дауысы – 2016” балалар ән байқауының лауреаты атанды.
Жерлесіміз Есения Епифанцева ұлттық “Бала дауысы – 2016” балалар ән байқауының лауреаты атанды.
Ақордада жаңғырту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының Астанаға “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” атауын беру туралы бастамасына қатысты пікір білдірді.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында “BIOHIM” ЖШС өндірістік кешенінде болды. Өңір басшысы нысан басында инвесторлармен кездесіп, кәсіпорынды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті VII сессиясында өңіріміздің дамуына үлес қосқан Сергей Пресняков, Қасым Жүнісов, Даниал Ахметов, Қажымұрат Нағманов, Қуат Есімханов, Ғалымқайыр Мұтанов, Виктор Агеевтерге “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағын беру туралы шешім қабылданды. Бұл ұсынысты депутаттар бір ауыздан қолдап, дауыс берді.
“Қазпочта” акционерлік қоғамы ең үздік операторды анықтады. Республикалық деңгейдегі байқау Астана қаласында өтті.
“Вэйпинг” – электронды темекі. Никотиннің орнын алмастыратын бұл құрылғы Еуропада пайда болып, Қазақстанға жеткен. Бізде кәмелеттік жасқа толмағандарға шылым шегу түгілі оны сатып алуға рұқсат жоқ. Бірақ елімізде еш жерде тыйым салынбаған “вэйп” электронды темекісін петропавлдық оқушылар қолданып жүрген көрінеді.
Облысымызда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өз мәресіне жетті. Апталық Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған акциямен аяқталды.
Жуырда атағы әлемге танымал қазақстандық “Astana pro team” велокомандасы тағы бір жас спортшымен толықты. Ол – есімі қызылжарлықтарға жақсы таныс Жандос Бижігітов. Жерлесіміз кәсіби командамен екі жылға келісімшартқа отырды, енді Жандос солтүстікқазақстандық өрендер Бахтияр Қожатаев, Артём Захаров, Арман Қамышев, Алексей Луценко және Руслан Тілеубаевпен бірге өнер көрсетеді.
Облыс орталығындағы күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің іргесі қаланғанына биыл 45 жыл толып отыр. Өткен күнге көз салсақ, талай белестер бағындырылыпты.
Ауыл балаларының талай додалы жарыстарда топ жарып жүргені анық. Қара күшімен ерекшеленіп, қарсыластан айласын асырып, жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген солтүстікқазақстандық ұлдардың атын атап, түсін түстей бастасаң, санынан жаңыласың.
2017 жыл еліміздің өміріндегі тағы бір аса маңызды оқиғамен айшықталмақ. Алматы қаласында ХХVІІІ қысқы Универсиада ойындарының жалауы көтерілетін күн де жақындап келеді.
Редакциямызға мұғалімдерден түскен хаттардың арасында мектепішілік шаралар, сынып сағаттары туралы жазылған мақалалар да бар.
Тайынша ауданындағы №2 Чкалов орта мектебінде тәжірибелі ұстаз Шолпан Шырылдақованың ұйымдастыруымен өткен “Өнер – сарқылмас қазына” атты кездесу сабағы қыздар тәрбиесіне арналды.
“Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс”, – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі білім саласында жүрген әр педагогтің ұлы ақынға деген рухани құштарлығын бекіте түседі. С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 2005 жылдан бері “Абайтану” орталығы жұмыс істейді. Ол ұлы ақынның поэзиясындағы, қарасөздеріндегі адами қасиеттерді оқушыларға өмірлік ұстаным ретінде қабылдатып, оларды адал ғұмыр кешуге талпындыруды …
Осынау бір мүшелді еңсеріп отырған егемен еліміздің кешегі, бүгінгі және ертеңгі тарихын бір-бірінен бөліп-жара алмаймыз. Бүгінгі шыққан белестен кешегі күнімізге көз жүгіртсек, алдымызда не тосып тұрғанын білмеген аумалы-төкпелі заман, адал еңбегімізге жалақымызды ала алмай, көрген тарыншылық, жұмыссыздық есімізге түсері анық.
Ыбырай атамыздың өлеңдері шыншылдықты, әділеттілікті көздесе, әңгімелерінің мағынасы өте тереңде жатыр. Оның әңгімелері балаларды білімге шақырып қана қоймай, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа, тапқырлыққа, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелейді. Адамның ішкі жан дүниесіне үңіліп, ар-ождан үнін естірткен ұлы ұстаз өз әңгімелерінде ең қымбаты – рухани байлық екеніне оқырманның көзін жеткізеді.
Биылғы оқу жылынан бірінші сыныптарда бағалау жүйесі өзгертілді. Балаларға бірінші жартыжылдықта баға қойылмайды, үшінші және төртінші тоқсандарда өтілген бөлімдердің қорытындысы бойынша жиынтық бағалау енгізіледі. Бірінші сынып оқушылары бақылау жұмысын орындап, ұпай жинайды, кейін ол бағаға ауыстырылады.
Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық ғұмырында білім саласы да айтарлықтай ілгері дамыды. Оған, алысқа бармай-ақ, өзіміздің күнделікті өмірімізден мысал келтірсек болады. Біздің Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылындағы қазақ балалары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шухов орта мектебінде оқыды. 1999 жылы белсенді ата-аналардың араласуымен бұрынғы “Айнагүл” балабақшасының ғимаратында жетіжылдық мектеп ашылды.
Тәуелсіздіктің елең-алаң жылдары Петропавлда “Қазақ тілі” қоғамының жергілікті бір топ белсенділері қаладағы орыс мектептерінің жанынан алғаш рет қазақ сыныптарын аштырамыз деп бастама көтерген болатын. Бұл, шыны керек, кеңестік идеология әлі де салтанат құрып тұрған кезде жасалған игі шаруа еді. Сонда қалада тұратын ата-аналардың дені “Қазақ тілі кімге керек? Орыс тілін білмейтін адам ертең нан таба …
Тәуелсіз ел болғаннан бері болашағымызды баянды ету бағытында қолға алып жатқан шаруаларымыз көбейе түсуде. Ойға алғандарымыз орындалып, халық олардың игілігін көріп, көңіліміздің марқайып жатқаны қуанышты-ақ. Ана кездері өзгенің аузына қараған заманда, яғни бүгінгідей өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілмей тұрған тұста, көп қымбатымыздан айрылуға, шеттетілуге, шектелуге мәжбүр болдық. Имандылық мәселесін де солардың қатарына қосуға әбден болады.