«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.11.2016

АҚЫНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті. Оған Астана, Қарағанды, Қызылорда қалалары мен өңірімізден барлығы 10 ақын қатысты. 

ЕР ДӘУЛЕТІ — ЕҢБЕК

Үлкен жол жанай өтетін Рассвет ауылының келешегі зор. Мал ұстап, жеке шаруашылықпен айналысамын деушілерге де, Петропавлға қатынап жұмыс істеймін дейтіндерге де қолайлы жер. Сондықтан да шалғай ауылдардан облыс орталығына қарай үдере көшкендердің кейбіреуі осында тұрақтап қалып жатыр.

МҰРАЖАЙ — ТАРИХ АЙНАСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Егемен еліміздің мәдени өмірінде мұражайлардың орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу – Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі…”, – деген сөздері еліміздің мұражай қызметінің басты ұстанымына айналып отыр.

Бойларында ұлттық рух пен намыс бар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында” деп, білім беру саласын ұдайы қолдап келеді. Еліміз бойынша ашылған Назарбаев Зияткерлік мектептері осының дәлелі. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында алға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істейміз.