«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.12.2016

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қорғаныс органының ардагерлерімен кездесті.

ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БАР

Облыстық психоневрологиялық диспансердің фельдшері Любовь Сосникова төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесіп, дәріс өткізді.

ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Есіл ауданының Николаевка ауылында әйгілі ұстаз, КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі Асқар Игібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық білім басқармасының ашық кубогы өтіп, жас балуандар бақ пен баптарын сынады. Жарысқа Көкшетау қаласының балуандары да қатысты.

ҮКІМІН ТОСЫП ОТЫР

Петропавл қалалық сотында “ұлтаралық және дінаралық араздық туғызды”, “сепаратистік әрекет жасады” деген айып тағылған азаматқа қатысты іс қаралуда.

ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰДІРЕТІ

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық бейнелеу өнері мұражайының ұйымдастыруымен жергілікті суретшілердің шығармашылық көрмесі өтті.

“АСАУҒА — ТҰСАУ”

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Асауға – тұсау” спектаклінің премьерасы болып өтті. Қойылымға бай-бағлан, сол заманғы көпес-саудагердің тұрмыс-тіршілігі және оның екі бойжеткен қызын айттыра келген жігіттердің іс-әрекеті арқау болған.

БЕРІК ТҰҒЫР

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мамандарының ұйымдастыруымен “Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы” атты “дөңгелек үстел” өтті.

ЖАЗА БАСҚАНҒА КЕШІРІМ ЖОҚ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңіріміздегі департаменті жанындағы Әдеп кеңесінің кезекті отырысында тағы да бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралды.

ЖАЛЫНДЫ ЖЫРДЫҢ ЖАҚАНЫ Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Жақан Сыздықовтың туғанына 115 жыл толды.

Кезінде жаладан жапа шегіп, кеңестік заманда көп қуғын көрген ақын осыдан қырық жылдай бұрын өмірден өткенімен, оның өмірі мен шығармашылығы әлі күнге дейін дұрыс зерттелмеді. Тек 1991 жылы Жазушылар одағының бастауымен белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев, ақынның інісі, жазушы Төлеген Қажыбаев сияқты зиялы қауым өкілдерінің қолға алуымен 90 жылдық тойы аталып өтті. 1992 жылы мен “Жақан …

ЖАЛЫНДЫ ЖЫРДЫҢ ЖАҚАНЫ Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Жақан Сыздықовтың туғанына 115 жыл толды. Read More »

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі

Санаулы күндерден кейін елімізде Тәуелсіздіктің көк байрағының желбірегеніне ширек ғасыр толады. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының нәтижесі. Елбасымыздың басшылығымен Бес институттық реформаны орындау мақсатындағы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын, “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыра бастадық. Алдыңғы қатарлы озық отыз елдің бірі …

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі Read More »

ТАНЫМДЫҚ ШАРА

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн шарасынан ауыл мектебі де тыс қалған жоқ. Оқушылар еліміздің Тәуелсіздік алған ширек ғасырында жеткен жетістіктерімен, егемендіктің негізін салушы тұлға – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерімен танысты.

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Бескөл ауылында “Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясының оныншы күні “Қазақстан Республикасы Президентінің институты” атауымен аталып өтті.

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мәдениет үйiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне арналған “Тәуелсiз елдiң негiзiн қалаушы” атты салтанатты жиналыс өттi.

ПРЕЗИДЕНТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент залы ашылды. “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясының аясында ашылған залға қойылған тарихи маңызы зор құжаттардан Елбасының өмірі жайында көп мәлімет алуға болады. Мемлекет басшысының облысымызға келген сапарларынан сыр шертетін ақпараттар да осында жинақталған.

ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” акциясы аясында М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің 11 “А” сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өткізілген жұлдызды сабақ “Астана – Қазақстан Республикасының елордасы” тақырыбына арналды.

ЕЛМЕН БІРГЕ НЫҒАЙДЫҚ

Өткен ширек ғасырда еліміз саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып қана қоймай, құқық қорғау мен сот жүйесінде де бірқатар өзгерістерге қол жеткізді.

ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРДЫҢ СЕНІМДІ КІЛТІ

Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі Сапар Сәниевпен атқарылған жұмыстар және алдағы мақсат-міндеттер жайлы әңгімелескен едік. – Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл – әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫНА СЫЙ

Облыстық ішкі істер департаментінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет жолы туралы деректі фильмді тамашалаудан басталды. “Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында біз тұрақты әрі халқы тату мемлекетте өмір сүрудеміз. Мен еңбексүйгіш, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын әрі берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауға даяр тұратын ұжымымды мақтан тұтамын”, – деді …

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫНА СЫЙ Read More »

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ ІСТЕР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмасына сай әр өңірде қоғамдық келісім кеңестері құрылған болатын. Қоғамдық келісім кеңестерінің басты мақсаты – тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Өңірімізде осындай міндетті жүзеге асыратын 80 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді.

ӨТКЕЛДЕН ҚОРЫҚПАЙ ӨТЕТІН БОЛДЫҚ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов осыдан үш апта бұрын ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Кеңащы ауылдық округі тұрғындарымен кездескенді. Сонда ауылдықтар ауданға қатынайтын күрежолдың бойындағы су өткелі көктем сайын істен шығып, жолаушыларға қиындық тудыратынын айтқан болатын. Облыс басшысы бұл мәселені тікелей бақылауына алып, оң шешетініне уәде берген еді.