«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.12.2016

Жастар сарайындағы концерт

Облыс орталығындағы Жастар сарайында “Туған ел – “Бәйтерегім” атты концерт өтті. Кеш шымылдығын Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі Батырхан Рыспанбетовтың “Тәуелсіз Қазақстан” композициясымен ашты.

СИРИЯ ТАҒДЫРШЕШТІ КЕЗЕҢНІҢ АЛДЫНДА ТҰР

Соңғы уақытта Сирия мен Иракта орын алған бірқатар маңызды оқиғалар аймақта сең қозғалып, қалыптасқан жағдайдың түбегейлі өзгере бастағанының нышаны болуы мүмкін. Аймақта террорлық топтарға қарсы біріктірілген күш-жігердің нәтижесінде сағы сынып, қалаларға бекінген содырлар қоршауға алынып, оларға жойқын соққылар берілуде. Террорға қарсы бағытталған шабуылдардың арқасында экстремистік топтардың әрекеттері бытыраңқы сипат алып, өзге аймақтарға ығыстырыла бастады.

ҚАРАШАҢЫРАҚ

Дауылбай үйленемін дегенде әке-шешесінің қуанышында шек болмады. Отыздан асып қалған жалғыз ұлдарының тойына Қалқаман мен Сәбина барын салып, ұзақ жылдар бойы жиған-тергендерін аямай шашты. Алыс-жақын ауылдан келген қонақтармен қатар жиырма шақты құда ескі мектептің асханасына лық толды.

ЕЛБАСЫНЫҢ БІРАУЫЗ СӨЗІ тығырыққа тірелген кәсіпкерлердің жолын ашты

  Бейбітшілік бесігінде тербелген егемен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, ата-бабаларымыз аңсаған асқақ арманымыз орындалғаннан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осы аралықта жас мемлекетіміз көркейіп, гүлдей түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында бүгінде Қазақстанды төрткіл дүние танып отыр. Қандай сала болмасын, барлығы да қарышты қадаммен ілгері басып, заман талабына сай дамып келе жатыр. Еліміздің бүгінгі …

ЕЛБАСЫНЫҢ БІРАУЫЗ СӨЗІ тығырыққа тірелген кәсіпкерлердің жолын ашты Read More »

ҚҰШАҒЫ КЕҢ АТАМЕКЕН

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүгінгі таңда ата-бабамыздың туған жеріне оралып, тамыр жайып, тәуелсіздіктің игілігін көріп отырмыз. Бұл – біздің бағымыз.

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН РӘСІМДЕУДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері Петропавл қаласының, Жамбыл, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жер қатынастары бөлімдерінде жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы және уақтылы аударылу сәйкестігін қамтамасыз етуге аудиторлық іс-шараларын жүргізді.

БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАР САЙЫСЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне өңіріміздің 193 оқушысы қатысып, 160 зерттеу жұмысын ұсынды. Оның отыз үші командалық жоба болды.

ТҰҒЫРЛЫ ЕЛДІҢ АЙНАСЫ

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері сот саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау мен қамқорлық жасалып келеді. Ата Заңымызда атап көрсетілгеніндей, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі.

ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ШАЛҚЫДЫ ӘН

  Өткен жексенбі күні “Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясы аясында Тайынша ауданындағы Мәдениет ауылының тұрғындарымен кездеспек болып, жолға шықтық. Жол-жөнекей бір-бірімізден сұрасақ, біз түгіл, ұдайы жолда жүретін жүргізушіміз де барып көрмеген ауыл екен. “Өңірімізде бізге беймәлім қанша ауыл бар?” деген ойға беріліп отырғанда Келлеровкаға да жақындап қалдық. Сол маңда …

ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ШАЛҚЫДЫ ӘН Read More »

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Үстіміздегі жылдың 21 қарашасында Астана қаласында судьялардың кезектен тыс жетінші съезі өткен болатын. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан тоғыз делегат қатысып, өңірдегі сот жүйесінің хал-ахуалы жайлы баяндады. Бұл жөнінде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

БАСТЫ МІНДЕТ — ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1991 жылғы 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының прокуратура органдары құрылды. Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 17 қаңтардағы қаулысы бойынша “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заңы қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес, прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуын қадағалайтын жоғарғы орган болып есептеледі.

ШАҢҒЫ МАРАФОНЫ

  “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн жалпыұлттық акциясы аясында Петропавлдағы Борки кентінде шаңғы марафоны өтті. Оған қатысқан мемлекеттік қызметшілер, әртүрлі ұйымдардың өкілдері, студенттер табиғат аясында өзара сынға түсті.

ТАБЫСТАРЫМЫЗ ТОЛЫМДЫ

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” 25 жұлдызды күн жалпыұлттық акциясы аясында Спорт сарайында өңір спортшылары жылды қорытындылады. Бұл шараға үстіміздегі жылы облыстық және республикалық сайыстарда жеңіске жетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінген командалардың мүшелері, олардың жаттықтырушылары, қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің өкілдері қатысты.

ТАЙЫНШАДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

  Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сенбі күні жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды. Осы ауданның Келлеровка ауылына ат басын тіреген өңір басшысы “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.