ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР Академик Жабайхан Әбділдинмен сұхбат
(Басы өткен санда). Халық бәріне шыдады. Сіздің ұлыңыз немесе күйеуіңіз Отан үшін ерлікпен қаза тапты деген “қарақағаз” келеді. Алғашында жылайды-сықтайды, сосын жауына нағылет айтып, қайтадан жұмысқа кірісіп кетеді. Қайғыны қайыспай көтерді. Ал енді пәленше тұтқынға түсті немесе қашып кетті деген хабар келсе, бар ғой, жерге кіргендей болады. Елдің бетіне қарай алмайды.