«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.12.2016

ЖЕКПЕ-ЖЕК КҮНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

WBA белбеуінің “уақытша” чемпионы, жерлесіміз Жанат Жақиянов 10 ақпан күні АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін кездесу өткізеді. Бұл жолы ол 29 жастағы америкалық Раусхи Уорренмен жұдырықтасады. Жанаттың қарсыласы бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшы осымен 28-ші рет шаршы алаңға шыққалы отыр. Жерлесіміз бүгінге дейін 26 мәрте қарсыласынан басым …

ЖЕКПЕ-ЖЕК КҮНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Read More »

ЭССЕ ЖАЗЫП, БАҚ СЫНАДЫ

Облыстық прокуратура мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасындағы меморандум аясында эссе жазудан байқау ұйымдастырылды.

АЛТЫН ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы” атты кітап көрмесі ашылды. Онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жазылған 500-ге жуық кітап қойылған. Көрменің алғашқы бөлімі Елбасына арналған.

Мақсаттары — жастарды адастыру

Бүгінгі күні жат ағым өкілдерінің жастардың санасын улап, олардың Сириядағы соғысқа аттануына ерекше ықпал етіп жатқаны кім-кімді де болсын алаңдататын мәселе. Сәләфилік-уаһабистік бағытты ұстанушылар ұл-қыздарымызды тұзағына қалай түсіреді. Осы сауалға жауап берейікші. Алдымен олар дінге бет бұрып, мешітке келіп, намаз оқуға ниет қойған, әлі де болса оңы мен солын танымаған, имамдармен сөйлесіп үлгермеген жастарға жанашырлық …

Мақсаттары — жастарды адастыру Read More »

МЕНІҢ ҰСТАЗДАРЫМ

Бабымен келген жүйрігінің бағын байламай, білім мен ғылымның бәйгесіне тұлпарын баптаған ұстаздарымның ұлағаты өлшеусіз. Бүгінгі күні ұстаздарым салған сара жолмен, жүрек қалауыммен мен де жүріп келемін. Таңдаған жолымның мәресіне жетпесем де, межелеген орнымды байқап, бағыт сілтеген бағдаршамнан адаспағанымды сеземін.

Сынығын сом алтынның той бастайды

Үміт оты қасиетті де алдамшы, жап-жақын жерден көрінгенімен, ол отты қолына ұстап аялап көрген ешкім жоқ. Ол шақыра береді, “маған жет, маған жетпей тоқтама” деп өтініш айтатын да сияқты. Ербол ақындық үміттің отын жақыннан, жанынан көріп жүрген жігіттердің қатарына жатады. Ақындықтың әулие құсы Ербол отауының ішінде ұшып жүр. Тек сол құсты мәпелеуге, еркелетуге Ербол інімнің …

Сынығын сом алтынның той бастайды Read More »

САХНА СӘНІ — “АЖАР”

  Айыртау ауданының Сырымбет ауылындағы “Ажар” би ансамблі – 1968 жылы құрылып, осы уақытқа дейін көрермендерін мың бұралған билерімен тамсандырып келе жатқан ұжым. Оның алғашқы көркемдік жетекшісі Күлизат Маргелова кітапханашы бола жүріп, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің, ауылдың өнерпаз қыз-келіншектерінің басын біріктіріп, би ансамблін құрған болатын. Көрермендердің назарын бірден өзіне аударып, сахна көркіне айналған “Ажар” би …

САХНА СӘНІ — “АЖАР” Read More »

ҰМЫТЫЛМАС ҰЛАҒАТ

 Эссе Өңіріміздегі қарашаңырақ басылым – “Оңтүстік Қазақстандағы” әріптес інім Дәулет Тұрсынұлы Петропавлға барған бір сапарында облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің 85 және 95 жылдық мерейтойларына арналып шығарылған кітаптарды әкеп берді. Бұл дүниелерді аталған бұқаралық ақпарат құралының басшысы Жарасбай Сүлейменовтің менің қолыма тікелей тапсыруын өтінгенін де қоса жеткізді.

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыстық ардагерлер кеңесінде өткен жиында бір топ қадірменді қарттарымыздың кеудесіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медаль тағылды. Марапаттау рәсімін өткізген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, аға буын өкілдеріне еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ

Ерланның жасы 29-да ғана. Шал ақын ауданының Белоглинка ауылынан. Орта білімді, отбасын құрған. Жастайынан үстіне полиция формасын іліп, қоғамдық тәртіп сақшылары қатарына қосылған. Нақтыласақ, қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонына жүргізуші болып қабылданған. Содан беріде 2-3 жыл зымырап өте шығыпты. Иә, оның қызметі күні бүгінге дейін қалыпты жалғаса берер ме …

ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ Read More »

СПОРТ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ — ЕГІЗ

Бүгінде өңір тұрғындарының үштен біріне жуығы бұқаралық спорт түрлерімен айналысады. Жетістікке жету тәжірибелерімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин ой бөліседі.

“ДАМУ” ҚОРЫНЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның басқарма төрағасы Қаныш Тілеушин онлайн режімінде өткізген конференцияда облыстық филиалдар арқылы байланысқа шыққан қазақстандықтардың сауалдарына жауап берді.

ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі биылғы жылы атқарылған іс-шаралардың қорытындысын шығарды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі жұмыс істеген уақыттан бері өткізілген 20 отырыста 59 мәселе қаралып, оның 45-і оң шешімін тапқан. Ал үстіміздегі жылы қиындықтарға тап болған он екі бизнес өкіліне қолдау көрсетілді.

“ДАЛАНГЕРДІҢ” ДӘМДІ НАНЫ

Бүгінде қызылжарлықтарды сапалы әрі дәмді нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың бірі – “Далангер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. “Отандық өнім, сапалы тауар, қолжетімді баға” деген қағиданы басты ұстанымына айналдырған серіктестіктің директоры Нариман Айтбаевпен кездесіп, өндіріс жайын сөз еттік.

ӘРІПТЕСТЕРІ АРАСЫНДА СЫЙЛЫ

  “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өңірімізге танымал кәсіпорындардың бірі. Серіктестік өз жұмысын 2004 жылы дистрибьютерлік қызметтен бастаған болатын. Осыдан 5-6 жыл бұрын пластмассадан тұрмыстық бұйымдар жасау жобасын қолға алса, 2014 жылы полиэтилен қапшықтар шығара бастады. 2015 жылы Бескөл ауылындағы өндіріс алаңында қайта өңдеу цехын іске қосты. Петропавл қаласында тәтті таңертеңгілік құрғақ ас дайындайтын жаңа …

ӘРІПТЕСТЕРІ АРАСЫНДА СЫЙЛЫ Read More »

Шаш ал десе, бас алған

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері 11 рет отырыс өткізіп, алпысқа жуық мәселе қараған. Осы жылдың соңғы отырысында да әдеттегідей бірнеше мәселенің басы ашылды. Тимирязев ауданының әкімі Еркін Базарханов қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөнінде баяндады. Ауданда жыл басынан бері 38 мемлекеттік қызметші тәртіптік …

Шаш ал десе, бас алған Read More »

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы еліміз үшін маңызды мәселелерді тереңнен қозғап, республикамыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін ғана емес, ертеңгі жарқын болашағын қалыптастыруға қажетті бағыттарды айқындайтын стратегиялық құжат. Елбасының “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында да мемлекетті дамытудың басты бағдарлары көрсетілген.

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР

Үстіміздегі жылы өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты болды. Жыл басынан бері облыс аумағында 8799 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе де, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға төмен. Сонымен бірге, қылмыстардың ашылу көрсеткіші де артты. Оның үстіне өткен жылдары жасалған 500-ден астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 102 қылмыскер ұсталды.

“БИОХИМ” ҚАЙТАДАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Осыдан 10 жыл бұрын Тай­ынша ауданында ин­дус­­триялық-инновациялық жә­не агроазық-түлік бағ­дар­ла­ма­лары бойынша 10 миллиард те­ңгеге “Биохим” өндірістік ке­шені бой көтеріп, ТМД-дағы тұңғыш озық технология ретінде бағаланды.

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ҚОНЫСТОЙ

  Бұрнағы күні Петропавл қаласында 90 пәтерлік жатақхана пайдалануға берілді. “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының өз қызметкерлері мен петропавлдық жас отбасыларына арналған бесқабатты үй компанияның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Петропавл №2 жылу-электр орталығының құрылғанына 55 жыл толуына және Энергетиктердің күніне тартуы болды. Нысанның тұсаукесер рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов энергетиктерді айтулы мерекелерімен және жаңа шаңырақтарымен құттықтап, …

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ҚОНЫСТОЙ Read More »