«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.01.2017

Жұмыс ширай түспек

Биыл республикалық ардагерлер кеңесі отызжылдық мерейтойын атап өтпек. Осыған орай облыстық ардагерлер кеңесі де бірқатар мәдени-қоғамдық шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

АРДАҚТЫ АҒА БУЫН

Әр заманның өз жүгі болса, ардагерлеріміз сол ауыртпалықтарға мойымай, бір адамдай еңсере білді. Тарих қойнауына өткен кешегі күндерді ұмытып, болашаққа бағыт-бағдар жасау мүмкін емес. Жаңа жыл қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Петропавл қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің әкімшілігі мен ардагерлердің бастауыш ұйымы сала зейнеткерлерімен кездесті. Олар 25 ардақты қартты үйді-үйіне барып құттықтап, сыйлықтар …

АРДАҚТЫ АҒА БУЫН Read More »

Мәуелі бәйтеректей отбасы

  Жамбыл ауданының Ресеймен шекаралас жатқан Железное ауылында түтін түтетіп отырған 150-ден астам отбасының басым бөлігі байырғы тұрғындар. Солардың бірі – Смағұловтар әулеті.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС СОТҚА ЖЕТТІ

Петропавлда қаза тапқан баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысы бар деп ұсталған бесеудің ісі сотқа жетті, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қыметі. Сот отырысы қаңтардың 11-і күні өтеді деп жоспарланған. “Сотқа Д.Қайбаров, Б.Мақатов, Ж. Әскеров, А.Меңдібаев, О.Еламанның үстінен қозғалған қылмыстық іс келіп түсті. Олар 2016 жылғы қазанның 3-і күні “Парк-Сити” түнгі клубының жанында қылмыс жасады деп …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС СОТҚА ЖЕТТІ Read More »

ДОС КӨТЕРЕР КӨҢІЛДІ

Бағдат, Совет үшеуіміз түйдей құрдаспыз. Өткен ғасырдың қырық жетінші жылы мен – қазір Солтүстік Қазақстан облысына қарайтын Қарағаш ауылында, Бағдат Мәлгаждаров көрші қоныстанған Қарғалы қыстағында, Совет Балтабай біздің елден он бес шақырымда жатқан Жаңатілек ауылында дүниеге келген. Үшеуіміз 1962 жылдың күзінде біздің ауылдағы сегізжылдық мектепте танысқан болатынбыз. Кейін жұбымыз жазылмай оқуымызды аудан орталығындағы Чкалов орта …

ДОС КӨТЕРЕР КӨҢІЛДІ Read More »

МЕНІҢ НАҒАШЫМ ОСЫНДАЙ

“Бесіктің жақсы болмағы – ағашынан, жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан” деген халқымызда тәмсіл бар. Мен нағашым Қуаныш Беркімбаевты мақтан тұтамын. Қазақтың “Балалығың ұстаса, нағашыңа бар” деген қасиетті сөзінің төркінін ұқтырған осы ағам болатын. Менің Күлдай анам оның үлкен әпкесі. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан нағашымның өмір өткелдерінің өзі түйсінген адамға үлкен тағылым. Бойынан кішіпейілділік, жанынан иманы, …

МЕНІҢ НАҒАШЫМ ОСЫНДАЙ Read More »

ЖАСТАР ТӘЛІМГЕРІ

Бүгінде егін басынан алысқа ұзамаған, төрт түліктің қамымен қысы-жазы қолы айыр мен күректен босамаған, темірден түйін түйген шеберлер, басқа да еңбек адамдары қоғам арасында ерекше құрметке ие. Солардың бірі – “Аврора – ТрансСервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің моторисі Сергей Матеров деуге болады.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, жаңажылдық мереке күндері өңір аумағында орын алған төтенше оқиғаларды баяндады. Баспасөз мәслихатында айтылған деректерге сүйенсек, биыл алдыңғы жылдарға қарағанда төтенше жайттар аз тіркеліп, бір қайғылы оқиға орын алған. Былтыр Жаңа жылды тойлау кезіндегі төтенше жайттан үш адам қаза тапқан болатын.

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Үкімет ауылдық жерлердегі еңбек өнімділігін арттыруға айрықша назар аударып отыр. Ол үшін әйелдер арасында кәсіпкерлікті кеңейтіп, осы бағыттағы жұмысты барынша қолдауға күш салынбақ. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің қорытынды отырысында айтылған ұсыныс-пікірлер, осындай оймен үндесті.

“SKYPE” АРҚЫЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС АЛДЫ

Өңірімізде тұрғындардың өтініш-тілектері мен арыз-шағымдарын “Skype” электрондық байланыс жүйесі арқылы қабылдау жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өңіріміздің шалғай орналасқан елді мекендеріндегі тұрғындардың мәселелерін шешуге көмектесу.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов кезекті аппараттық кеңес басталмас бұрын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстiк Қазақстан облысының прокуроры мiндетiн уақытша атқарушы болып тағайындалған Тимур Ғазизбекұлы Тәшiмбаевті таныстырды.

ӨНЕРДІҢ СЫРЫ — ӨРНЕКТЕ

  Өңірімізде қазір 28 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардың қызмет етуі мен жұмыс сапасы – ел экономикасының тірегі екенін ескерсек, кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қолдаудың болуы құптарлық іс. Себебі, өңіріміздегі кәсіпкерлердің басым бөлігі – “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020”, “Сыбаға” бағдарламалары бойынша кәсібін …

ӨНЕРДІҢ СЫРЫ — ӨРНЕКТЕ Read More »