ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгі су тасқынына дайындық барысы талқыланды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаевтың айтуына қарағанда, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыс аумағына түскен қар орташа жылдық көрсеткіштен 120-210 пайызға артық. Облыс әкімі аудан басшыларына бір айдың ішінде елді-мекендердегі су тасқынын алдын-алу жұмыстарына дайындықты пысықтауды тапсырды.