«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.01.2017

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің отырысында 2016 жылдың қорытындысы жасалды. Былтыр өңірдегі мемлекеттік органдардағы қызметшілер 1 177 рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың 697-не ескерту, 336-на сөгіс, 70-не қатаң сөгіс берілсе, 67-сі қызметіне толық сәйкес емес деп танылды, ал 7 маман орнынан босатылған. Жауапкершілікке ең көп тартылғандар – жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.

ҚҰБЫР ЖАРЫЛДЫ

Кеше Петропавлда кешкі сағат 18.00 шамасында облыс орталығында құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен облыстық балалар ауруханасы жылусыз қалды.

ОБЛЫС ӘКІМІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов «Солтүстік», «Алтын арман» базарларындағы азық-түлік бағаларын тексеріп, тауар өндірушілермен және тұрғындармен әңгімелесті. Сондай-ақ, облыс әкімі «Низкоцен» сауда орталығында да болды. Мұнда отандық өнiмдердiң үлесi 70 пайызды құрайды. Жалпы орталықта 8 мыңнан астам тауар түрi сатылуда

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛУДА

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қыста суға түсерде қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескереді. 19 қаңтар күні православиелік христиандар Есіл өзені мен өзге де су тоғандарында шомылу рәсімін өткізеді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, бұл мерекеге жыл сайын 12 мыңнан 15 мыңға дейін адам қатысады. Жедел құтқару отряды мамандарының айтуынша, мұздың қалыңдығы талапқа сай болуы шарт. Төтенше жағдайларды болдырмау …

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛУДА Read More »