ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысанда болды. Өңір басшысы ең алдымен темір жол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. Содан соң, жергілікті суретшілер галереясы етіп ашу жоспарланған “ Көпес Мурадовтың диірмені” ескерткіш-ғимаратына барды. Сонымен қатар, проваславиелік христиандардың мерекесі қарсаңында су тоғандарындағы шомылу рәсімі кезінде қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуын бақылады.