ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Үстіміздегі жылдың басынан бері облыста 8 жол-көлік оқиғасына кінәлілер апат орнын тастап кеткен. Оның 5-нде материалдық шығын, 3-нде денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген.
Үстіміздегі жылдың басынан бері облыста 8 жол-көлік оқиғасына кінәлілер апат орнын тастап кеткен. Оның 5-нде материалдық шығын, 3-нде денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген.
“Қазгидромет” РМК мәліметтері бойынша қаңтардың 21-23-і күндері Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Өткен жылдың 11 айының көрсеткіші бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда айналымы 274 713,8 мың АҚШ долларын құрады. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, экспорт көлемі былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,2 пайызға артып, 34 655,7 мың АҚШ долларын, ал импорт, керісінше, 29,4 пайызға кеміп, 240 058,1 мың АҚШ долларын құраған. Облыстан …
Облыстың көліктік қадағалау инспекциясы өткен жылы ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға 1 мыңнан астам рұқсат қағазын берген. Автомобиль жолдарын бақылау-қадағалау шаралары кезінде 680 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 18,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Темір жол көлігімен және су көлігімен тауар тасымалдау кезінде, сәйкесінше, 1,5 млн. теңге және 96,5 мың теңге айыппұл салынған.
Облысымыз субсидия берілген жобалар саны бойынша республика өңірлері арасында 1-ші орында. Өткен жылы облыс кәсіпкерлеріне төленген көмектің жалпы мөлшері 1,1 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың маусым айында облыс әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арасында 200 млн. теңгенің меморандумына қол қойылған болатын. Аталған құжат аясында облыстың 11 кәсіпорыны екінші деңгейлі банктерден жылдық өсімі 8,5 пайызбен …
Уәлиханов ауданының тұрғыны Жақсылық Құсайынов мал шаруашылығын дамытпақ. Ол жергілікті кәсіпкерлікті қолдау орталығы мамандарының кеңесімен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысқан. «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында оқыған соң, қажетті құжаттарды жинап, ірі қара мал сатып алуға 3 миллион теңге несие алды. Бір адамды жұмысқа қабылдаған кәсіпкер алдағы уақытта мал санын көбейтуді жоспарлап отыр. – Ауыл …
Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің 76,3 пайызы, яғни 3553 маман кешенді аттестаттаудан өтеді. Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев аттестаттаудың өткізілу тәртібін түсіндіріп өтті. – Аттестаттау уақытында мемлекеттік қызметке қабылдауға мораторий болмайды. Міндетін уақытша атқарушы қызметкерлер аттестаттау комиссиясының шешімін күтпей, конкурсқа қатысуға құқылы, – деді.