ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы бірнеше әлеуметтік-тұрмыстық нысандарда болды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы бірнеше әлеуметтік-тұрмыстық нысандарда болды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы бірнеше әлеуметтік-тұрмыстық нысандарда болды.
Жыл басынан бері облыс бойынша жедел респираторлы вирусты 2000 адам жұқтырған. 99 солтүстікқазақстандық тұмаудың А-3, ал 6-уы В түрімен ауырған. Қала тұрғындарының 63 мыңына тұмауға қарсы вакцина егілген. Бүгінгі таңда оқушылардың 8 пайызы мектепке бармай, үйде емделуде. Вирустық сырқаттардың өршуіне байланысты жергілікті емханалардың жұмыс уақыты 12 сағатқа дейін ұзартылды.
Ертең облыс орталығында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы жағылады. Қала бойынша жол кептелісін болдырмау үшін Универсиада алауының бағыты жасалды. Алау эстафетасының бірінші кезеңі сағат 11.30-да М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде басталып, Тәуелсіздік стелласында мәреге жетеді. Екінші кезеңі Брусиловский көшесіндегі “Казкоммерцбанк” акционерлік қоғамының ғимаратынан басталып, Спорт сарайында аяқталады.
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өткен жылы 5329 іс түскен. Оның 94,3 пайызы “Сот кабинеті” электрондық ақпараттық сервисі арқылы қабылданған. Істерді қарауға 10 судья қатысқан. Өткен жылы 831 іс бітістіру шаралары арқылы шешілген. Сот істерін қарау кезінде арыздардың жатып қалуы, кері қайтару фактілері азайған. 2015 жылы 243, ал былтыр 100 арыз өтініш иесіне …
“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша бүгін Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.
Облыс орталығында ережесіз жекпе-жектен қала чемпионаты өтті. Оған Астана, Павлодар, Екібастұз және Ресей Федерациясының Түмен қаласынан келген спортшылар қатысты. Облыс намысын Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының спортшылары қорғады.
Облыс бойынша өткен жылы дін саласында 8 заң бұзушылық тіркелген. Оның барлығы діни кітаптарды рұқсат етілмеген орындарда сатуға байланысты. Кінәлілерге 50-ден 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша діни жағдай тұрақты. Облыста 136 діни бірлестік пен олардың филиалдары және 173 діни ғимарат жұмыс істейді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка селосында жаңартылған уақытша ұстау абақтысы ашылды. Бұл облыс аумағында жұмыс істейтін он екінші мекеме. Абақтыда 12 орынға арналған үш камера бар. Мұнда медициналық қызметкер кабинеті, тергеу және тамақ тарататын бөлмелер, серуендеу алаңы қажетті құралдармен толық жабдықталған.