«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.01.2017

ТҰҚЫМ ТҮРЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Облыста тұқым шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланған жиынға өңір басшысы Ерік Сұлтанов қатысты. Көктемгі егіс жұмыстары барысында жоғары сапалы тұқымды себу өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Былтыр бұл мақсатта 108 мың гектар жерге элиталық астық тұқымы себіліп, 112 мың тонна бірінші сұрыпты бидай алынған. Үстіміздегі жылы егіс науқанында ауыл шаруашылығы дақылдарының 32 сұрыпы қолданылатын болады. Облыс …

ТҰҚЫМ ТҮРЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА Read More »

МҰЗ АЙДЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР

Спорт сарайында Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шайбалы хоккейден облыстық турнир өтіп жатыр. Алғашқы кездесуде шайбаны ойынға қосу құрметіне Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев ие болды.

ТҰҚЫМ ПАРИЖДЕН ЖЕТКІЗІЛДІ

Петропавл қаласындағы ботаникалық баққа Париж қаласынан сирек кездесетін өсімдік тұқымы жеткізілді. Құрылғанына биыл 105 жыл толатын мекеме 2012 жылы халықаралық ботаникалық бақтар кеңесіне мүшелікке қабылданған болатын. Соның нәтижесінде, жыл сайын әлемнің әр өңірінен түрлі өсімдіктердің тұқымдары жеткізілуде.

ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері өткен жылы техникалық байқау орталықтарына 9 жоспарлы және 15 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде, автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзудың 33 фактісі тіркеліп, 848,4 мың теңге айыппұл салынған.

ҚЫЛМЫСТЫ АШУ ДЕҢГЕЙІ АРТТЫ

Петропавлда облыстық ішкі істер органдарының өткен жылдағы жұмысы қорытындыланды. Жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Ерлан Тұрғымбаев қатысты.

КӨМЕК КЕШІКПЕЙ ЖЕТТІ

Өткен сейсенбі күні Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылының № 11 өрт сөндіру бөліміне жолдың бораннан жабылуынан Айтуар ауылының ауыр сырқаттанған екі тұрғыны ауруханаға жете алмай отырғандығы жөнінде хабар түсті. Благовещенка ауылының өртсөндіруші-құтқарушылары «КамАЗ» автомашинасымен шұғыл түрде жолға шықты. Қызметкерлердің жедел қимылының арқасында ауырып қалған екі әйел Благовещенка ауылының ауруханасына уақытылы жеткізілді.