«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.02.2017

БҰҒЫ АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Айыртау ауданында бұғы атқандар ұсталды. Заря селосының екі тұрғыны “Көкшетау” ұлттық мемлекеттік саябағының Шалқар филиалы аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан. Браконьерлік үшін ұсталған күдіктілер 1984 және 1994 жылы туған. Олардың біреуінің үйінен бөлшектелген бұғы еті, ал орманнан терісі, басы, ішек-қарындары табылды. Сондай-ақ, тіркелмеген ату құралдары, пышақ, балта және шаңғылар тәркіленді. Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық …

БҰҒЫ АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСЕП БЕРДІ

Петропавл қаласының №1 полиция пункті қызметкерлері тұрғындарға есеп берді. Өткен жылы бұл учаскеде 450 қылмыс жасалған. Олардың басым бөлігі – ұрлық. 22 мың тұрғыны бар аумақта бұрын сотталған және құқық бұзған 554 адам тіркеуде тұр. Ашық сұхбат барысында бос тұрған ғимараттар, ит ұстау ережелері, пәтерлерді жалға берудің тәртібі және өзге де мәселелер қарастырылды.

ШІРІГЕН ЖҰМЫРТҚА

Қалима әжей (есімі өзгертілген) есікті әзер ашты. Сәлден соң ғана, менімен бірге келген қорғаушысын көріп, көңілі жайланғандай болды. Күнұзаққа жалғыз отырып, іші пысады емес пе, өткен өмірі жайлы біраз әңгіме шертті. Анасын, бауырларын, студенттік өмірін, қызмет атқарған кездерін, ұлы Маратты есіне алды.