«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.02.2017

ЦЕХ ӨРТЕНДІ

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында қорап жасайтын цех аумағында өрт шықты. Құтқарушылар келген кезде жалын 400 шаршы метрді шарпып үлгерген. Тілсіз жаумен күреске 7 техника мен 26 маман жұмылдырылды. Жалын цехтың шатырын, қосалқы жабдығын зақымдап, дайын өнімнің бір бөлігін жойған. Өрт сөндірушілер негізгі жабдықтар орналасқан өндірістік цехты сақтап қалды, сондай-ақ, жалынның көрші ғимаратқа таралуына жол бермеді. …

ЦЕХ ӨРТЕНДІ Read More »

АВТОТҰРАҚ АШЫЛАДЫ

Петропавл вокзалы маңында такси жүргізушілерінің заңсыз қызмет көрсетуін тыю мақсатында екі ақылы тұрақ ашылады. Көлік қою орнына арнайы шлагбаум орнатып, фототіркеуішпен жабдықтауға 20 млн. теңге қаражат бөлінді.

СЫННАН СҮРІНДІ

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтары мен 3 ақпан аралығында Петропавл қаласы мен Тайынша, Айыртау аудандарының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде Тайынша ауданының Калиновский негізгі мектебі мен Айыртау ауданының Аксеновский орта мектебі жалпы білім беру стандарттарына сай емес деп танылды.

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АРТҚАН

Өткен жылдың қорытындысына сай обыр ауруымен тіркеуде тұрған облыс тұрғындарының саны 9 мыңды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға өскен. Ал 9 айдың көрсеткішіне сай, аталған аурудан көз жұмғандар саны 4,5 пайызға төмендеген. Облыстың онкологиялық қызметін қаржыландыру көлемі былтыр 2015 жылмен салыстырғанда республикалық , жергілікті бюджет есебінен сәйкесінше 8 және 22 пайызға артқан.

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық эвакуациялық комиссия көктемгі су тасқынына дайындық барысын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев биыл 94 елді мекенді су басу қаупі бар екенін айтты. Есіл, Тайынша, Аққайың аудандарында қатер басымырақ.

ЖАЛҒАН ХАБАР ТҮСТІ

Петропавл ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына қала пәтерлерінің біріндегі кәріз жүйесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады. 61 жастағы ер адам не себепі жалған хабар бергенін түсіндіре алмады. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл бап бойынша терроризм туралы жалған ақпарат бергені үшін алты жылға …

ЖАЛҒАН ХАБАР ТҮСТІ Read More »

ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫ – 104 385 ТЕҢГЕ

2016 жылдың 4-тоқсанында облыстағы бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 104 385 теңгені құраған. Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлеріне тиесілі. Олардың еңбекақысы 203307 теңгені құрады. Ал өнер, көңіл көтеру және демалыс салаларының қызметкерлері айына 75 448 теңге еңбекақы алған.Бұл ең төменгі жалақы.