«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.02.2017

АПАТТЫ ҮЙЛЕР КӨШІРІЛМЕК

Қазіргі таңда облыс орталығында апатты жағдайдағы 20 үй бар. Онда 147 адам тұрып жатыр. Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов жұртшылық алдында есеп беру кездесуінде апатты үйлердің тұрғындарына уақытша баспана беруге қала бюджетінен әзірге 20 миллион теңге бөлінгендігін, бұл мәселенің ұдайы назарда екенін айтты. Бұл үйлер сүрілген соң, орнына 2 бес қабатты баспана тұрғызылмақ.

ЖҮРГІЗУШІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қызылжар ауданының Пеньково селосының маңында орын алған көлік апатының салдарынан 23 жасар ер адам көз жұмды.

ТАРИФ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Облыстың бірнеше коммуналдық қызмет көрсету мекемелері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап тарифтің қымбаттайтынын хабарлаған болатын. Алайда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті дамыту департаментінің мамандары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму қызметі тарифінің көтерілмейтінін жеткізді. Департамент басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова Қазақстан Республикасының “Бәсекелестік туралы” Заңының талаптарына …

ТАРИФ КӨТЕРІЛМЕЙДІ Read More »

КӨШЕ КЕҢЕЙТІЛМЕК

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде Евней Бөкетов көшесін кеңейту мәселесі талқыланды. Қала әкімі қарбалас уақытта көлік кептелісін азайтуға бағытталған жұмыстар “жасыл аймақты” қысқарту арқылы жүргізілетіндіктен, бұл мәселе қоғамдық кеңеске шығарылып, қала тұрғындарының талқылауына ұсынылатынын жеткізді. Көшенің көлік көп жүретін бөлігінің 10 метрді құрайды, тағы 4 метрге кеңейту мүмкіндігі бар.

ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылжар ауданының Боголюбово ауылдық округіндегі агралық-техникалық колледжде студенттердің, белсенді жастардың қатысуымен 9 ақпан – Қазақстан жастарының күніне арналған іс-шара өтті. Кездесуді Жастар бастамалары орталығы, “Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” жастар қанатының аудандық филиалы ұйымдастырды. Жиын барысында жастар Елбасының халыққа Жолдауын талқылады.