«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.02.2017

ЖАРАЙСЫҢ, ЖАНАТ!

Жерлесіміз Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді жеңіп, WBA нұсқасы бойынша “Супер чемпион”, IBO тұжырымы бойынша чемпион атанды. Ол АҚШ-тың Огайо штатында өткен жекпе-жектің бірінші раундын сәтсіз бастады. Алғашқы раундта екі рет нокдаун алып қалғанымен тез арада есін жиып,жекпе жектің қалған бөлігінде қарсыласынан басым түсті. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов спортшыны жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады.

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛДІ

Ауа райының күрт суытуына байланысты облыстың жол-патрульдік полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда. Демалыс күндері облыс жолдарында 6 ауыр жүк тасымалдайтын көлік тұрып қалған. Аққайың ауданының Рублевка ауылы маңында “Вольво” көлігінің тежегіші істен шыққан. Ал Қостанай облысынан бет алған жүк көлігінің дизельдік отыны қатып қалғандықтан Қызылжар ауданының аумағында тоқтауға мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары жолаушыларға тиісті көмек …

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛДІ Read More »

ҚҰРЫЛЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Петропавлда 24 жастағы құрылысшы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің он төртінші қабатынан құлап, оқиға орнында мерт болды. Жамбыл және Партизан көшелерінің қиылысындағы құрылыс нысанында орын алған оқыс жағдай жұмыс барысында болған.

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлда “Spelling Bee 2017″ облыстық байқауы өтті. Жарыс шарты бойынша қазылар қатысушыларға ағылшын тіліндегі бірнеше сөз жасырады, олар оны әріп бойынша жіктеп, дұрыс айтып берулері керек. Облыстық кезеңде Тимур Ақышев, Виктория Иващенко және Айнұр Серік үздік атанды. Байқаудың екінші кезеңі Астана қаласында өтеді.