«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.02.2017

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫ

Петропавл тұрғындары кепілдендірілген көмек бойынша мемлекеттен бөлінетін дәрі-дәрмектердің уақытылы берілмейтініне шағымдануда. Зейнеткерлер қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың жұртшылық алдында қорытынды есеп беру кездесуінде тегін берілуі тиіс препараттарды өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр болып отырғандарын айтты. Осы мәселеге қатысты жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәриям Бапанова қажетті препараттар қоры толық екенін, келесі аптадан бастап …

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫ Read More »

КОНЦЕРТ ӨТТІ

Жастар сарайында Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары “Асқақтай бер, туған ел” атты концерт өткізді.

РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

Петропавл қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлерi облыс орталығының су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында рейд өткiздi. Құтқарушылар балықшыларға тақырыптық парақшалар таратып, мұздағы қауiп жайлы ескертті.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған бокс мектебінде солтүстікқазақстандықтар кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанат Жақияновты қарсы алды. Америкалық Роуши Уорренді жеңіп, WBA нұсқасы бойынша “Супер чемпион”, IBO тұжырымы бойынша чемпион атанған ол үйіне оралды.

АЙЫЛДАРЫН ТАРТАР ЕМЕС

Жыл басынан бері облыста табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 100-ден астам фактісі тіркелді. Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Арыстан Сұлтанғазиев өткен жылы осындай мыңға жуық оқиға орын алғанын, 152 экологиялық қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады. Былтыр мезгілсіз аң ату, ағаш кесу және су жануарларын заңсыз аулаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында 32 рейд жүргізілген.