ЖАБЫҚ ТЕННИС АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуіне өңір басшысы Ерік Сұлтанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жабық теннис алаңы салынатынын хабарлады. Құрылысқа осы айдан бастап кірісіп, 2018 жылдың 1 шілдесінде аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі алдағы уақытта өңірде жабық футбол алаңы мен жабық велотрек те бой көтеретінін айтты.