«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.02.2017

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Облыста көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін үш тәулік ішінде 343 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 23-і ел аумағынан шығарылып, 138-нің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. 12 өңір тұрғыны шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланғаны, ал 61-і олардың елде тұру талаптарын бұзғаны үшін жазаланатын болды.

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛУДА

Облыстық ішкі істер департаментінде көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтауға арналған іс-шара өтті. Департаменттің жедел жоспарлау басқармасының бастығы Ербол Бектұров облыста су басу қаупі жоғары 95 елді мекендегі 1500 тұрғын үй бақылауда екенін жеткізді. Республикалық маңызы бар 1468 шақырым жолды тәулік бойы жол-патрульдік полиция батальонының 15 экипажы күзетуде.

647 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов өңірге жұмыс сапары барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне оң баға берді. Ол өңірдегі жол-көлік апатының 30 пайызға қысқарғанын, биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 10,7 млрд. теңге бөлінгендігін жеткізді.