«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.02.2017

БОРАН БОЛАДЫ

“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша 22 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін.

РИНАТ — АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕР

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының чемпионы жерлес шаңғышы Ринат Мухинге құттықтау жеделхатын жолдады.

ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ ҰСТАЛДЫ

Петропавл қаласының ішкі істер бөліміне бірнеше қала тұрғынынан белгісіз біреулердің құлыпты бұзып, үйлерінен ақша мен зергерлік бұйымдар, басқа да құнды заттарды қолды еткені туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жеңіл жолмен пайда табуды көздеген қос азамат ұсталды. 28 және 30 жастағы күдіктілер бұрын да ұрлық үшін сотталғаны және екеуінің де есірткіге әуестігі бары анықталды. Олардың …

ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Есіл ауданының ішкі істер бөліміне Корнеевка және Заградовка ауылдарында кеңселердің сейфі тоналғаны туралы ақпарат түскен болатын. Қос ұрлықта түнгі уақытта жасалған, арнайы құрал-саймандар қолданылғандықтан ешқандай айғақтық заттар қалмаған. Алайда жедел-іздестіру жұмыстары нәтиже беріп, Қостанай облысының 41 жасар тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге елді мекендердегі кәсіпорындар мен серіктестіктерге барып, қосалқы бөлшектер ұсынған. Аталған іс …

ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ Read More »

МҰЗ СҮҢГІЛЕРІ ҚАУІПТІ

Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі көктем жақындағандықтан тұрғындарды мұз сүңгілері құлауы мүмкін орындардан өткенде абай болуға шақырады. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шатырларды дер кезінде қар мен мұздан тазалауға кеңес береді. Көпқабатты үйлерде шатырды тазалауға пәтер иелері кооперативі жауапты.

9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Петропавлда он жыл отасқан әйелін қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыскер енді 9 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді.

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Жанболат Бақанов “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-ы облыстық ақпараттық технологиялар орталығының мамандарымен кездесті. Астаналық мейман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын баяндап берді.

Жылы ұя

Адам тағдырын таңдамайды. Оған мен қаламыздың Уәлиханов көшесінде орналасқан “Жеткін-шектер үйінде” болғанда тағы бір рет көз жеткіздім. Мұнда әке-шешесі бар, бірақ тасжүректік танытып тастап кеткендер, яғни, ата анасының қайда екендігін ер жетсе де, білмей өсіп келе жатқан тұл жетімдер тұрады.

АРДАГЕР ӨНЕГЕСІ

Уәлиханов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Қалиев ел ішінде сыйлы азаматтардың бірі. Сексеннің сеңгіріне шыққан бұрынғы спортшы, бүгінгі зейнеткер қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуда. Ол жігіт жасында жеңіл атлетика, шаңғы, күрес спорттарынан аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болған. 1969 жылы қазақ күресінен ел біріншілігінің жеңімпазы атанып, спорт шебері дәрежесіне қол жеткізген. Сол жылы …

АРДАГЕР ӨНЕГЕСІ Read More »

ЖАҢА ПРОКУРОР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  Өткен жылы прокурорлардың көмегімен 16 мыңнан астам облыс тұрғынының конституциялық құқығы қорғалып, мемлекет қазынасына келтірілген 1 млрд. теңгеден астам шығынның орны толтырылыпты. Бұл жұмыс әрі қарай да жемісті жалғасын табуы үшін Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып жаңадан тағайындалған Берік Асыловқа бел жазбай еңбек ету қажет. Қадағалаушы орган басшысы алдында тұрған міндеттер туралы облыс әкімі …

ЖАҢА ПРОКУРОР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »

3D ПРИНТЕРІ — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨНІМ

  Сенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы бірқатар сауда орындарын аралады. Өңір басшысы алдымен ат басын “Солтүстік” көтерме-сауда базарына бұрды. Мұнда апта сайын сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Тұтынушыларға ұсынылатын ет, сүт, ұн, көкөніс, жұмыртқа, бал өнімдерінің көптеген түрлері қаладағы басқа базарлардағыдан біршама төмен бағамен сатылады. Өңір басшысы базардағы сатушылармен әңгімелесті.