«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.02.2017

АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында 40 жасар петропавлдық жанар-жағармай алатын жалған талондарды сатқаны үшін ұсталды. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғалым Байжановтың айтуынша алаяқты ұстауға алдын-ала жүргізілген ескерту шаралары мен тұрғындардың байқампаздығы өз көмегін тигізген.

ТАЛАП ЖОҒАРЫ

2016 жылы облыстың ветеринарлық қызмет жүргізген 867 тексерістің қортындысы бойынша, ветеринарлық заңнаманы бұзғаны үшін 517 ұйғарым шығарылып,16 млн. теңгенің айыппұлы салынған. Анықталған құқық бұзушылықтардың 46 пайызы ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамағаны, ал 24 пайызы сойылған мал жөнінде ақпаратты толық бермегені үшін салынған. Облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтың инспекциясының басшысы Марат Ибраев тиісті құжаттардың болмауынан өткен аптада …

ТАЛАП ЖОҒАРЫ Read More »

Құттықтау жеделхатын жолдады

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Astana Pro Team” кәсіпқой велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа клуб сапындағы қазақстандық спортшылардың Бахрейн қаласында өткен Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық сында жеңіске жетуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

АУЫЛ СПОРТЫНЫҢ АЛАМАНЫ

  Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында кезекті “Солтүстік – 2017” қысқы ауыл спорты мерекесі өз мәресіне жетті. Жыл бойы күткен спорттық шараға өңіріміздің 500-ден астам спортшысы қатысып, қысқы президенттік көпсайыс, конькимен жүгіру, футзал, керлинг, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей және шорт-трек бойынша сынға түсті.