ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ
Шалақындық Айнагүл Шоткинамен танысқаныма алты жыл болды. Кезінде аудандық газеттің тілшісі ретінде облыстық басылымға мақалаларын жиі жіберіп тұрды. Кейін жақынырақ таныстық. Журналистке тән қасиетпен терең ойлап, көркем сөйлеуге тырысатын Айнагүл Қабдылманқызын жаңа қырларынан тани түстік. Ауданның жағдайын бес саусағындай білетін ол бізді қалам тартуға тұрарлық бірнеше нысанға апарды. Сол жолы әріптесіміздің көмегімен керек ақпараттарымызды алып, …