«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.03.2017

ҚАЗАҚТЫҢ НАҒЫЗ ЖАНАШЫРЫ Герольд Бельгердің шығармалары ағылшын тілінде жарық көрді

  Ұлты неміс болса да, халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихын жетік меңгерген көрнекті жазушы, публицист, зерттеуші, сыншы, аудармашы Герольд Карлович Бельгер саналы ғұмырында: “Қазақтың қуанышы – менің қуанышым, қазақтың тойы – менің тойым”, – деп туған жеріне, өскен ортасына, қабырғалы қазақ еліне адал қызмет етті. Қазақтың қайғысы үшін қабырғасы қайысып, қуанышынан қуаттанған Гераға көзі тірісінде …

ҚАЗАҚТЫҢ НАҒЫЗ ЖАНАШЫРЫ Герольд Бельгердің шығармалары ағылшын тілінде жарық көрді Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫ КАБИНЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

Қазіргі таңда салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер департаменті арасындағы байланыс электрондық тәртіпке көшуде. Облыс тұрғындарының басым бөлігі артықшылықтары көп электронды кабинет арқылы есеп тапсыруда. Бұл әдіс салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді.

АҢ АТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесі нысандарын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда жануарлар әлемін сақтау және олардың санын көбейту мақсатында аңшылықтың тәртібі айқындала түсті. Осы заңнамаға сәйкес 2017 жылдың 16 ақпанынан 14 маусымға дейін аңшылыққа тыйым салынады. Сондай-ақ, бір …

АҢ АТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Read More »

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ЖУАСЫ

Жұбайым телефон арқылы амандығын білмекші болып Алматыда тұратын туысы Борашқа хабарласқан еді, ол елге келуге жиналып жатқанын, әкесінің басына зиярат етпек ойы бар екенін айтыпты.

ҚОҒАМДЫҚ ШАРАЛАРҒА ҚҰЛШЫНА ҚАТЫСАДЫ

2016-2017 оқу жылында облысқа “Серпін – 2050” бағдарламасымен келген 1015 баланың 358-і – жеті колледжде, 619-ы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де мамандық алып жатыр. Колледждерде оқитындардың 5-еуі – жетім бала, 141-і – көпбалалы отбасынан, 61-і – толық емес отбасынан. «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқандар арасында оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың балалары жоқ. Осы студенттердің ата-аналарымен және …

ҚОҒАМДЫҚ ШАРАЛАРҒА ҚҰЛШЫНА ҚАТЫСАДЫ Read More »

Ескі атаулардан арылатын уақыт жетті

Біздің облысымызда жетпістен астам елді мекен әлі күнге дейін тоталитарлық сипаттағы атауларға ие екенін “Солтүстік Қазақстан” газетінен оқыған едім. Одан бөлек, бір Лениннің атында – 79, Совет атауын иеленген – 74, Комсомол құрметіне қойылған – 68, Октябрь деп аталатын 52 ауыл мен көше бар екенін естігенде жағамды ұстадым. Тәуелсіз мемлекеттің ұстанған бағытына сай келмейтін кеңестік …

Ескі атаулардан арылатын уақыт жетті Read More »

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен кезектi аппараттық кеңесте әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау шаралары жайлы айтылды.

САНДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

“Қазақстан – Ұлы Дала Елі” сандық технологиялар саласындағы жаңа қосымша әзірленді. Аталған қосымша заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен танысу үшін әзірленген. Ол – Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың …

САНДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ Read More »

КІРІСІ МОЛДЫҢ ЫРЫСЫ АРТАДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы бойынша кезекті брифинг өткізіп, онда мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов спикер ретінде әңгіме өрбітті.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ — БЕЛСЕНДІ КҮШ

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық әлеуметтік көрініс ретінде әлем елдерінің саяси даму деңгейіне қарамастан оларды жаппай жаулап алды. Соның ішінде Қазақстан да бар, олардың көлемі жағынан ғана айырмашылық байқалады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тарту үдерісін тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпал етеді, еліміздің болашақ дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Сондықтан …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ — БЕЛСЕНДІ КҮШ Read More »

ӘЗ-НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛАМЫЗ СӘНІМЕН

Биылғы жылы да өңіріміз Шығыстың Жаңа жылы – Наурыз мейрамын сән-салтанатпен қарсы алмақ. Облыс бойынша 600-дей шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олардың дені мәдениет, білім және спорт салаларында өткізіледі.

АЙҒАНЫМ ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР

Алашқа ардақты аналардың бірі, Шоқан Уәлихановты тәрбиелеп, өңірдің қоғамдық-саяси жағдайына ықпал еткен Айғаным ханшаның өмірі әркімге қызық. Бұл ретте жергілікті архивтің ағайынға сүйінші жаңалығы бар. Санкт-Петербургтегі Ресей мемлекеттік тарихи мұражайынан Айғанымға тікелей қатысты онға жуық тарихи деректің көшірмесі әкелінді. Еліміздегі мұрағаттарда Айғаным жайлы құжаттар мүлде сақталмағанын ескерсек, бұл біз үшін үлкен олжа. Шоқанның әжесінің есімі …

АЙҒАНЫМ ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР Read More »

ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚАТЫСАДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында жұмыс үдерістерін оңтайландырудың нәтижесінде алдағы уақытта әкімшілік істер қаралатын сотқа прокурорлар қашықтықтан қатысатын болды. Прокуратура тарапынан қолға алынған бұл шара әкімшілік үдерістерді жаңғырту және оны электрондық үлгіге ауыстыру мақсатын да көздейді.

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Биылғы қыста қар әдеттегіден едәуір қалың түсті. Демек, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша талай шаруа атқарылуы қажет. Осы мәселе облыс әкімі Ерік Сұлтановтың ерекше бақылауында.

ҰМТЫЛҒАННЫҢ ҰТАРЫ КӨП

  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Медет Оспанов Уәлиханов ауданының әкімі болып тағайындалды.