ЖҰМЫС АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТУ ЖОСПАРДА
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жүк вагондарын, платформаларды құрастырумен айналысатын “ЗИКСТО” зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген тапсырмаларды жеткізді.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жүк вагондарын, платформаларды құрастырумен айналысатын “ЗИКСТО” зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген тапсырмаларды жеткізді.
Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын “Шаңырақтың аруы” байқауының жеңімпазы анықталды. Осы жолы бұл атауға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 1 курс студенті Ақбота Керейбай лайық деп танылды. Ақбота алдағы уақытта елге тек сұлулығымен ғана емес, парасатты да ибалы, ақылды ару ретінде танылсам дейді.
Халықаралық “Жаңа толқын” балалар байқауының іріктеу кезеңінде облысымыздың атынан Тайынша №1 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Әмина Жапар өнер көрсетеді. “Аялаған Астана – 2017” V республикалық телевизиялық балалар байқауының ақтық кезеңі Астана қаласында өтеді. Байқау 2 сәуір күні “Қазақстан” телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Былтыр облыста көлік нөмірін ұрлауға қатысты 87 іс тіркелсе, үстіміздегі жылдың екі айында 17 көлік иесі сан соғып қалды. Көлік иелері мен такси жүргізушілері нөмірді ұрлаған қылмыскерлер оларды Ресей жолдарында емін-еркін жүру мақсатында пайдалануы мүмкін екендігін айтады. Себебі, ол аумақта орнатылған бейнебақылау камералары қазақстандық нөмірлерді анықтамайды. Осылайша, олар жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұлдан да қашып …
Өңірімізде полицейлермен бірге күн сайын қоғамдық тәртіпті бақылайтын 40-тан астам ит бар. Олардың көмегімен жыл басынан бері 200-ден астам қылмыстың беті ашылыпты. Облыстық ІІД қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығында оқушыларға экскурсия ұйымдастырып, есірткі мен жарылғыш заттарды иіскеп табатын иттерді көрсетті.