ОҢ ШЕШІМІН ТАППАҚ
Мектеп оқушылары жаңа бағдарламалар бойынша оқи бастады. Жаңа стандартпен биылғы оқу жылында өңірдің 8 мыңға жуық 1-ші сынып оқушысы қамтылып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. 4150 педагог арнайы курстардан өтті. Былтыр облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, 1 мыңнан астам компьютер мен 392 мультимедиалық құрал алынған. …