«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.04.2017

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СУДАЙ ЮЛИЯ

Ақтау қаласында өткен пәндік олимпиадаға еліміздің өңірлерінен 586 оқушы қатысып, қазақ, орыс, неміс, ағылшын, француз тілдерінен және тарих пәнінен білімдерін сынады. Облысымыздың намысын қорғаған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Юлия Лагуткина қазақ тілін жетік меңгергендігін дәлелдеді. Ол екі сынақтан да сүрінбей өтіп, үздік нәтиже көрсетті..

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ АЗАЙМАЙ ТҰР

Петропавл көшелерінде күн сайын 29 автопатруль рейдтік шаралар жүргізеді. 3 күннің ішінде қалада 309 көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері облыс жолдарында 17 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Шамамен 34 көлік апаты болып, салдарынан 45 азамат түрлі дене жарақатын алды, бесеуі көз жұмды.

ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары марихуана саудасымен айналысқан қылмыскерді құрықтады. 42 жасар петропавлдық бір килограмнан астам марихуананы сату үстінде ұсталды. тексеріс кезінде Прибрежное ауылында орналасқан қойманың отын қорасына жасырған. Тағы 11 килограмм есірткі табылды.