«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.04.2017

ОРМАННЫҢ ЖАУЫ — ӨРТ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде орман өртінің алдын алу және өртті сөндіру шараларының барысы баяндалған брифинг өтті.

Медициналық сақтандыру — заман талабы

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енеді. Осыған байланысты Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Бапанова, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Л.Гордеева, №3 қалалық емхананың бас дәрігері Ә.Тәшетова халықты ақпараттандыру үшін журналистермен “Азаматтарды амбулаторлықемханалық ұйымдарға тіркеу” …

Медициналық сақтандыру — заман талабы Read More »

ЕҢБЕКТІҢ ҚАЗАНЫНДА ҚАЙНАҒАН

Балалық шағы соғыс уақытымен тұспа-тұс келген Тобыл Әділшінов қанына біткен қайсар мінезінің арқасында өмір толқынына қарсы тұрды. Мектептен кейін Петропавлдағы кәсіптік-техникалық училищеге түсіп, бір топта оқығандар арасынан жалғыз өзі ІV дәрежелі электрмен дәнекерлеуші куәлігін алды. Кейін “Троицкое” кеңшарында мамандығы бойынша еңбек етті. Осылай ол еңбек арқылы өмір баспалдағымен біртіндеп көтеріліп, ортасына сыйлы болды. Сөйтіп, адал …

ЕҢБЕКТІҢ ҚАЗАНЫНДА ҚАЙНАҒАН Read More »

ҚАЛДЫҚТАН ЖАСАЛҒАН ҚАУІПСІЗ ТӨСЕНІШТЕР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында еліміздегі стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізуді міндеттеген. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін елімізде кәсіпкерлікті қолдауға арналған бірнеше бағдарлама болса, солардың бірегейі – “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы деуге …

ҚАЛДЫҚТАН ЖАСАЛҒАН ҚАУІПСІЗ ТӨСЕНІШТЕР Read More »

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СЕНІМДІ САҚШЫСЫ

Облысымызда әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Еркінбек Байболов хабарлады.

НАҚТЫ ІСТЕРГЕ — ТЫҢ СЕРПІН

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында таяу жылдардағы экономикалық дамудың бағыттары мен міндеттерін айқындап берді. Маңызды стратегиялық құжаттың өзегі үшінші жаңғыру болғандықтан, қоғамдағы әр салаға аса жоғары міндеттер жүктеліп отыр.

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНУЫ ТИІС

Кеше облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова төрағалық еткен бұл отырысқа кеңес мүшелерімен қатар өңіріміздегі діни конфессиялардың, жергілікті билік және құқық қорғау органдарының, білім мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

ЖЕМҚОРЛЫҚ — ШЫН ҚОРЛЫҚ

Облыс орталығындағы “Жастар” сарайында “Парасыз болашаққа. Бірге!” тақырыбындағы республикалық акция аясында жемқорлыққа қарсы күрес форумы өтті.

ШАРУАЛАР СЕРПІЛЕР СӘТ

Көктемгі дала жұмыстарының басталар сәті таяп қалды. Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары жауапты науқанға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Бүгіндері “Агрофирма “Мамлютское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары науқанға қатыстырылатын техникаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге кәсіпорындағы егін себу кешендерінің 80 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын тұр. Серіктестік басшысы Рудольф Гасман биыл қардың жылдағыдан көп түсуін жақсылыққа балап отыр.