«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.04.2017

Тілшілік пен ұстаздықты тең меңгерген

Қырық жылдай тату-тәтті өмір сүрген ерлі-зайыпты Несіповтердің көршілес қос ауданда оқығандарына қарамастан, екеуімен де сыныптас болдым. Алдымен отбасы ошағын ұстаған Ақнұр Тасмағанбетқызымен сол кездегі Октябрь ауданындағы (қазіргі Шал ақын) Ленин орта мектебінде 9-сыныпта бірге білім алсам, келесі жылы оның болашақ қосағы Совет Несіповпен Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Жамбыл орта мектебінің 10-сыныбында жолым тоғысты. Сол сияқты, …

Тілшілік пен ұстаздықты тең меңгерген Read More »

Ұлағатты жол

Жақында Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернат кітапханасында өңірімізге есімі жақсы таныс еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жақсылық Ысқақовқа арналған мұражай бұрышы ашылды. Мұнда ардагердің өнегелі өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, кітаптар, марапат белгілері қойылған.

ҰТЫМДЫ ЖОБА

2009 жылдан бастап елімізде “Дипломмен – ауылға!” жобасы іске асырылуда. “Дипломмен – ауылға!” жобасында түлектерге жүктелер сенім мол және де олардың бұл қолдауды сапалы ақтауы – парыз. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндік туды. Ауыл – қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.

ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОН

Ел экономикасын, инновациялық технологияларды дамыту қоғамның сауаттылығына тікелей байланысты. Жақында өскелең ұрпаққа сапалы білім беруді көздейтін республикалық “Білімге жол” марафонының аймақтық кезеңі өтті. Бұл байқау бүлдіршіндер және бастауыш сынып оқушылары арасынан шығармашыл және ізденімпаздыққа жақын балаларды анықтауға бағытталған. Оған жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар да тең дәрежеде қатысты.

ДҰРЫС ТҮСІНІК МЕКТЕПТЕ ҚАЛАНУЫ КЕРЕК

Қоғамда радикалдық діни ағымдардың деструктивті идеяларының таралуы көпшілікті алаңдатады. Олармен қалай күресу керек? Діни ахуал және басқа да мәселелер жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен әңгімелескен едік.

ШАТЫРСЫЗ ҒИМАРАТТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Соңғы жылдары облыс орталығында әлеуметтік-мәдени нысандар, тұрғын үйлер аз салынып жатыр дей алмаймыз. Тек биылғы жылы ғана 1446 пәтерлік 16 үйдің құрылысы жүргізілуде. Бірнеше жекеменшік сауда орындары бой көтеруде. Мысалы, “Береке” шағынауданындағы Ухабов көшесінде үстіміздегі жылы “Береке” сауда орталығы пайдалануға берілді. “Қазақтелеком”, “Қазпочта” бөлімшелері де осы ғимараттан орын тауып, жергілікті тұрғындардың, қазақша айтқанда, “алыстан арбаламай, …

ШАТЫРСЫЗ ҒИМАРАТТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП Read More »

Күйзелістен шығудың жолы бар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған “Депрессия: кел, сөйлесейік” деген тақырыппен ойын түріндегі кездесу өтті.

ЕЛГЕ ҚАМҚОРДЫҢ КӨҢІЛІ ЖАЙ

Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырында біздің ауыл да заман ағымымен бірге бой түзеп келеді. Ауылым деп отырғаным – Кіші Қараой ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекені. Ол көркейген сайын көңілім марқая түседі. Бүгінгі нарықтық экономика қоғамға бірқатар жаңашылдықтарды енгізді емес пе?! Қолынан іс келетін азаматтар еліне пайдасын тигізіп, ауылдың әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, жерлестеріне қолғабыс етуде.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы – терең мазмұнды құжат. Бұл Жолдауда Елбасы Қазақстанның болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған табанды түрде қарсы тұрарлықтай қауқар танытуымыз қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысы еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңін абыроймен өтті дей келе жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін нақты …

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Read More »

ПРОКУРОРМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен жуырда облыс прокуроры болып тағайындалған Берік Асылов республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

ҚАМЫСТЫСАЙ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Үстіміздегі жылы көктемгі су тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары қаупі ықтимал су айдындарын назарға алып, мониторинг жүргізуде.

Қолжетімді болмақ

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Халыққа қызмет көрсету орталығының барлығында “Сурдо онлайн” сервисі іске қосылды. Енді құлағында мүкісі бар адамдар үшін “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясында көрсетілетін 500-ден астам қызмет түрі қолжетімді болмақ. Петропавл қалалық №1 бөлімі ғимаратының бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып жеке терезе ашылған. Сервис аптасына жеті күн, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы филиалдары бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша сыртқы талдау жүргізді.

ЕКІ АУДАНДАҒЫ МАҚСАТТЫ ІСТЕР

  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда болып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.