«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.04.2017

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Қара сөзді орып айтатын, кемел ақыл-парасатпен толқыта айтатын, озық ойлы, заманынан озып туған Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Сафуан Шаймер­денов 1987 жыл­ғы 23 мамыр күні Қазақстан Ком­партиясы Орталық комитетінің бі­рінші хатшысы Г.В.Колбин қаты­сып отырған Қазақстан Жазушылар одағының пленумында қас батыр­дай қас­қайып, жанартаудай лапыл­дап тұ­рып сөйлеген еді. Ол осынау та­рихи сөзінде қазақтың ұлт ретінде із-түзсіз …

СӨЗ ЗЕРГЕРІ Read More »

МЕЙІРІМДІЛІК МАЙШАМ СИЯҚТЫ немесе өзгелердің өнегесі туралы

Мейірімділік деген майшам сияқты ғой: өзгелерге жарық шашу үшін таусылғанша жанады. Бұл отбасылық деңгейдегі мәселе ғана емес: үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге ізеті, баланың – ата-анаға, ата-ананың балаға мейір-шапағаты және бұдан басқалары өз алдына бөлек әңгіме.

Еңбек тәрбиелейді

Соңғы жылдары елімізде сотталғандарды жазалаудан гөрі, тәрбиелеуге зор көңіл бөлінуде. 2015 жылы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, “Коммунхоз Петропавл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру туралы” меморандумға қол қойған болатын. Тараптардың көздегені – Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, пробация …

Еңбек тәрбиелейді Read More »

ДАҢҚТЫ ТҰЛҒАЛАР МЕКЕНІ

Жамбыл ауданы – елімізге есімі мәшһүр Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, Сегіз сері секілді бағлан-батырлар мен қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақын-жазушыларды бесігінде тербеткен киелі мекен. Жерлестері қазақ тарихы және әдебиеті парақтарына алтын әріппен жазылған асыл перзенттерімен мақтанады әрі оларды ардақ тұтады.

АСЫЛ АЗАМАТ

Алаштың арыстары бейнеленген осы суретті газетімізде бұрын да пайдаланған едік. Сол сәтте Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды тұлғаларды жазбай танысақ та, Абдолла Байтасовқа келгенде көңілімізді күмән торлап, басты кейіпкерімізді дөп басып көрсете алмағанымыз рас. Бүгінде осы олқылықтың орнын толтырудың сәті түсіп отыр. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті …

АСЫЛ АЗАМАТ Read More »

ТҮЛКІ ОЙЫНЫ

Түннің біруағына дейін компьютердің алдында отырған Ермек мектепке тағы ұйықтап қалды. Жанталаса киініп, сөмкесін ашса, құрал-жабдықтары да түгел емес. Қазақ әдебиетін жастығының астынан, тарихты компьютердің артынан әзер тапқан ол біраз уақытын өткізіп алды. Сабақтың басталуына жарты-ақ сағат қалыпты. Оразасын ашпастан мектептегі сабаққа әрең жетті.

ЖАҢАРУ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Қазақстанның білім беру саласында үлкен реформалар жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиістігін атап көрсетті. 2017-2018 оқу жылының басты ерекшелігі – орта білім беру бағдарламасының жаңаруы болмақ. Алдымен 5 және 7-сыныптарда “Қазақстан тарихы”, “Дүниежүзі тарихы” пәндерінің бағдарламалары жаңартылады. Ұстаздар осыған дайын …

ЖАҢАРУ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР Read More »

ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ОҚУШЫҒА НЕ БЕРЕДІ?

Қазіргі таңда баласының болашағын ойлаған ата-аналарды көзінің ағы мен қарасындай бүлдіршінінің өзгеден кем болмай, жан-жақты білімді, өнерлі, дені сау болып қалыптасуы толғандыратыны анық. Сондықтан да олар баласының әр қадамын бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, балғынды қызығушылығы бойынша үйірмелерге жаздырып, барлық жағдайын жасауға тырысады. Осындай ата-аналардың бастары қосыла қалса, айтатын әңгімелері де сол баланың, мектептің, ұстаздардың …

ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ОҚУШЫҒА НЕ БЕРЕДІ? Read More »

ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

“Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ”, – деп Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің мектебімізді “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері”, “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгілерінің және “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалінің иегері Жылқыбай Сүлейменов басқарады.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕГЕН ТЫҢ ОЙЛАР

“Екі дәуір түйіскен өлара шақ” деп айқын көрсеткен Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы пікірлері біздің ұрпақтың мүлде жаңа, тіпті, тосын талаптар қойып отырған заманда өмір сүріп отырғанымызды есімізге салып, бойымызға тың қуат, соны серпін бергендей әсер етті. Ширек ғасырдан аса мерзім Тәуелсіздігімізді тиянақтап, бар-жоғымызды түгендеген кезде Президентіміздің: “… Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар …

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕГЕН ТЫҢ ОЙЛАР Read More »

ӨМІР СҮРУ ҮШІН ӨЗГЕРЕ БІЛУ КЕРЕК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы терең мазмұнға ие тағы бір құнды еңбек деп есептеймін. “…Дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес”, – деген сөзі кімге болмасын үлкен ой тастайды. Заман өзгереді, қоғам дамиды. Соның жетегіне ілесе білгеннің жағдайы …

ӨМІР СҮРУ ҮШІН ӨЗГЕРЕ БІЛУ КЕРЕК Read More »

Дүбірлі дүние сана мен сезімге сын

Елбасымыздың ел газеті – “Егеменде” жарияланған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” деп аталатын еңбегінде қозғалып отырған ойлар мен тұжырымдар кейбіреулерге тосыннан айтылғандай көрінуі де мүмкін. Олай емес, рухани жаңғыру, заман талабына сай санада сілкініс туғызу – Президентіміздің ұдайы назарында ұстап келе жатқан мәселелерінің бірі. Біз кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған “Мәдени мұра”, “Халық тарих толқынында” бағдарламалары шеңберінде …

Дүбірлі дүние сана мен сезімге сын Read More »

ХХІ ҒАСЫР — БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНЫ

Халқымыз “Уақыт – ұшқыр” деп тектен-текке айтпаған. Шынымен де, өткен күндердің ізіне зер салсақ, біз жылдан-жылға аяңдап емес, адымдап алға басып жатқанымызға көз жеткіземіз. Осыдан он, тіпті, бес жыл бұрынғы уақытпен салыстырар болсақ, біздің еліміз ғана емес, жер жүзі адам танымастай өзгеруде. Сондықтан ұрпағымыздың адасып қалмауы үшін және баянды болашағына арналған нақты бағыт-бағдар, айқын жол …

ХХІ ҒАСЫР — БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНЫ Read More »

ӨҢДЕЛГЕН ӨНІМ ПАЙДАЛЫ

  Қызылжар өңірі жері құнарлы өлке болғандықтан, мұндағы негізгі кәсіп егін және мал шаруашылығы екені белгілі. Ал осы қос саланы табыс көзіне айналдыра отырып, дамытып, жаңғырту – алда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Жұмыс сапарымен бір күре жолдың бойында орналасқан Мамлют және Жамбыл аудандарында болған облыс әкімі Құмар Ақсақалов еңбек ұжымдарындағы кездесулер кезінде осы ойды өзек …

ӨҢДЕЛГЕН ӨНІМ ПАЙДАЛЫ Read More »

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.