«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.04.2017

Қызылжар төрін думанға бөледі

Жақында ғана газетімізде жарияланған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты еңбегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды”, – деген еді.

ҚЫЗЫЛЖАРДА ОҚЫП ЖҮР ҚЫРҒЫЗ, ТӘЖІК БАЛАСЫ

Петропавлдағы Ұлттық ұлан Әскери институтында 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің үкіметаралық келісімі бойынша шетелдік жастар да білім алып жүр. Биыл оқу орнын қазақстандықтармен бірге қос елдің 14 курсанты да тамамдайды.

БАЛ ТАТЫҒАН БАЛМҰЗДАҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету жайын үнемі назарда ұстап келеді. Өзімізде шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, тұтынушылар назарын барынша отандық өнімге бұру, Қазақстанда жасалған бұйымдардың, құрал-жабдықтардың, азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бағытында елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, қаржыландыру деңгейі жыл сайын артып келеді.

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЫҢ ЖҮЙЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қорына аударымдар түсе бастайды. Ал оны жұртшылық қалай пайдалана алады? Бұл қордың жұмысын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін облыстық штаб құрылып, оның мүшелері өңір аудандарында жиындар ұйымдастыруда. Осындай кездесулердің бірі облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен Бескөл ауылында да өтті.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАСЫМДЫҒЫ САҚТАЛАДЫ

Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тiкелей басшылығымен жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында қазақ тілінің басымдығы сақталып, оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетінін баса айтты.

МАҢЫЗДЫ НАУҚАНҒА САҚАДАЙ САЙ

Қыстың ызғары қайтып, жердің тоңы жіби бастады. Ауа райын барлап жүрген диқандар көктемнің лебі сезілген сәттен-ақ тұқымын әзірлеп, техникасын сайлап, жанар-жағармайын түгендеп, көктемгі егіске қызу дайындықты бастап кетті.

САНАНЫ СІЛКІНДІРГЕН БАҒДАРЛАМА

  Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері және өңір активімен өткен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы төңірегінде әңгіме өрбіді. Кездесуді ашқан білім ордасының ректоры Серік Өмірбаев жас мемлекетіміздің елдігін сақтап, әлемдік аренада өз орнын алуы үшін ең алдымен сана өзгерісі және рухани жаңғыру қажеттігі …

САНАНЫ СІЛКІНДІРГЕН БАҒДАРЛАМА Read More »

ӨНІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІМЕН ҚҰНДЫ

  Аз уақыт ішінде өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіс науқанына дайындық барысымен танысып үлгерген облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Елді мекендерде агроқұрылымдарды мал шаруашылығын дамыту, көктемгі егіс науқанында элиталық тұқымдарды себуге басымдық беру, қайта өңдеу саласын дамыту бойынша жұмыс істеуге міндеттеді.