Жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлем елдерінде донорлар күні атап өтіледі.Осыған орай бүгін облыстық қан орталығында белсенді донорларға алғыс хаттар табыс етіліп, қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды.
Биыл бұл атаулы күн төтенше жағдайлардағы донорлық тақырыбында өтуде, сондықтан науқанның ұраны «Қан тапсырыңыз. Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз» болып отыр. Өйткені донор қаны жоспарлы емдеу барысында да, жедел жәрдем көрсетуге де өте қажет медициналық өнім.