Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында солтүстікқазақстандық БАҚ өкілдері бір күн бойы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысын атқарып көрді.
Кеше арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында тәртіп сақшыларының формалы киімін киген жергілікті журналистер автоинспекция қызметкері болып, көшелерде жол қозғалысын реттеді, атты патруль құрамында саяжайлар маңында күзетте болды, кинология орталығында үйретілген иттермен қылмыскерлерді ұстау әдістерімен танысты.