«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫП ҚАЙТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ритм” би тобы елордамыз – Астана қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінен жүлдемен оралды.

Қызылжар ауданының Прибрежное ауылындағы Озерный орта мектебінде хореографиялық үйірме өткен жылы ғана ашылса да, “Ритм” би тобының өнерпаздары айтулы жеңіске қол жеткізді. Бір жылдың ішінде топ мүшелері би өнерінің қыр-сырын үйрену үшін шығармашылық ізденісте болды. Ал нәтижесі жаман емес. Осынау халықаралық фестивальда жас өнерпаздар “Балеттік хореография” және “Әлем халықтарының биі” аталымдарында бірінші, екінші орындарға қол жеткізіп, мерейімізді үстем етті. Жас дарындар қазақтың ұлттық биін де биледі.

“Ритм” би тобының көркемдік жетекшісі Татьяна Шульгинаның айтуынша, дайындық жұмыстары үстіміздегі жылдың тамыз айында басталған. Астанаға 17 биші барып, өз өнерлерін ортаға салды. Тағы бір айта кетерлігі, топта балалар халықтық, заманауи, классикалық билерді тамаша орындайды. Түрлі іс-шараларға да белсене қатысады. Бүгінгі таңда шығармашылық ұжымда 60-қа жуық өнерпаз бар. Алдағы уақытта олар Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлауда.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp