Қарызын төлемей жүрген тұрғындардан үш күнде 15 миллион теңге өндіріп алынды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша арнайы ұйымдастырылған «Борышкер» жедел-алдын алу шарасына күн сайын 300-ден астам тәртіп сақшысы тартылған. Бұл ретте жол бойында келе жатқан көліктердің ішінен иесі қарызын төлемегендерін дәл тауып беретін «Жол приставы» деп аталатын автокешеннің көмегі көп болған екен.