Қазақ теңгесі айналымға енгізілгеніне 24 жыл толды.
1993 жылдың 12 қарашасы күні «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шыққан болатын. Үш күннен кейін ескі ақша теңгеге айырбасталды. Осы тарихи оқиғаға орай қарашаның 15-і елімізде Ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіптік мерекесі болып белгіленген. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі күні қазақстандықтардың 65 % банктерде өз ақшаларын теңгемен сақтайды екен.