«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫҚПАЙ СӨЙЛЕП, АНЫҚ АЙТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күнделікті күйбің тірлікте адам баласына үлкенді-кішілі бас қосуларда сөйлеуіне, пікірін айтуына тура келеді. Сондай кездерде қобалжымай, дұрыс сөйлей білу керек.

Біріншіден, толқымайын десеңіз, терең тыныстаңыз. Қатты толқыған кісінің қашанда демалысы ауырлап, тынысы тоқтап қалардай күй кешеді. Ал мидың жұмысында кібіртік туса, ойлаудан береке кетеді. Айтайын деген жақсы тілек-ниеттердің барлығы жасыққа айналады, ешкімге “е, бәсе” дегізе алмайсыз. Екіншіден, қатты сөйлеймін деп тым айқайлаудың қажеті жоқ. Үніңізді қадағалап, үйреншікті қалпыңыздан ауытқымай сөйлеңіз. Өз ойыңызды байыпты, нық айтыңыз. Үшіншіден, бөгелемін деп қорықпай, бөліп-бөліп сөйлеңіз. Ұмытып қалардай асығудың да қажеті жоқ. Сондықтан да айтарыңызды қашанда ретті жерінде іркіліп, үзіп-үзіп жалғастырудан қашпаңыз. Тоқтап сөйлеуден қорықпаңыз. Төртіншіден, көзіңізді жерге тікпей, жұртқа қараңыз. Ешқашан ине жоғалтқандай жанарыңызбен жер шұқып сөйлемеңіз. Жұртқа тура қарамау өзіңізді де, сөзіңізді де елеусіз қалдырады. Алайда, жұртқа қарағанның жөні осы екен деп көзіңізді біресе ана шетке, біресе мына шетке жүгіртпеңіз, тыңдаушыларға жаман әсер қалдырасыз. Одан да әр тұстан бір-бір адам таңдап алып, сөзіңізді кезек-кезек соларға қарап тұрып сабақтаңыз. Осындай төрт кеңесті ұстансаңыз, төрге шығасыз.

Ақсәуле ЖОЛШЫБАЙ,

 

психолог-маман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp