«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүйсенбі күні алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың XVI сессиясында “2017-2019 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №8/1 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов баяндады.

Сондай-ақ, концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту, облыстың кейбір елді мекендерін тарату сияқты осыған дейін қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Сессияда жылыту маусымына дайындық және оны өткізу, өңір аумағында жолаушыларды тасымалдау тарифі, елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін ақысыз жол жүру және өзге де мәселелер талқыланды.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp