Ресейдің қиыр солтүстігінен келген 11 адам петропавлдықтарды Ямал-Ненец автономды округімен таныстырды.
Түмен облысының жарты миллионнан астам тұрғыны бар бұл өңірімен достық қарым-қатынас көптен бері жалғасуда. Ынтымақтастық фестивалі аясындағы шараға қатысушылар Сібірдің ненец, ханты сияқты байырғы халықтарының бүгінгі тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы деректі және көркем фильмдерді, фотокөрмені тамашалап,ұлттық тағамдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.