«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚА ПӘЛЕ — ТІЛДЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген кезде, Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны тарапынан ұлтаралық алауыздық тудыру фактісін анықтады. Ол “Одноклассники” әлеуметтік желісінде жергілікті ұлт өкілдері жайлы

жағымсыз пікірлер айтылған, тарихи фактілерді бұрмалаған жазбалар қалдырған. Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы аталған фактіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлімі “Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру” бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар деп танып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Тергеу барысында әлеуметтік желіні пайдаланушы өз кінәсін толық мойындап, өзге ұлт өкілдерінің ар-намысына тіл тигізгеніне өкінетіндігін білдірді.

Петропавл қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp