Көкшетауда «Бала ақын – жас дарын» деген айдармен мектеп оқушылары арасында өткен ақындар айтысында қызылжарлық Дияс Аяған жеңімпаз атанды.
Бұл айтыс «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналды. Оған қатысып, бағын сынаған 14 бала ақынның ішінен қазылар алқасы Диястың өнерін жоғары бағалады. Дияс биыл Петропавлда ашылған жас ақындар мектебінде дәріс алып жүрген талантты жасөспірімдердің бірі.