Көңілді тапқырлардың республикалық сайысында Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Қызылкент» командасы бас жүлдені жеңіп алды.
«Жайдарман» фестивалінің бұл ойынында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Солтүстіктегі облыстардан 11 команда қатысқан әзілкештер ойынына «Қазақстан КВН одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Есен Елеукин де келді.