«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАСЫНАН АЯҒАНДАРДЫ ЗАҢ АЯМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық прокуратурасы облыстық әділет департаментімен бірлесе “Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам” жобасын жүзеге асыруда.

Бірлескен жұмыстың аясында қос органның мамандары полиция қызметкерлерінің көмегімен рейдтік іс-шаралар жүргізіп, алименттік борышы барлардың мүлкін анықтап, оны тізімге алады. Бүгінгі таңда облыс орталығы бойынша мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісінде 1478 атқарушылық құжат бар. Борыштың жалпы сомасы 90 млн. теңгеден асады. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде борыш көлемі 148 569 523 теңге болған екен.

Былтыр қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастаған “Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам” жобасы аясында 256 борышкер жұмысқа орналастырылыпты. Сонымен қатар бірнеше мәрте бос қызмет орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Осылайша, жылдар бойы жиналған қарыз көлемі айтарлықтай азайған. Алайда, тапқанын баласынан аяп жүргендер де аз емес. Ондайларға заң да қатал. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке – 10, әкімшілік жауапкершілікке 99 борышкер тартылып, 59 млн. теңгеден артық борыш өндіріліп алынды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp