«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ЖҮЛДЕ — “ҚЫЗЫЛКЕНТТЕ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін республикалық “Жайдарман” фестивалі өтті. Астана, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларынан келген және жергілікті өрендерден құралған 11 команда қатысқан әзілқойлар сайысын көрермендермен бірге облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет тамашалап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл күні Жастар сарайына жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Фестивальды “Қазақстан көңілді тапқырлар одағының” президенті Есен Елеукен жүргізді. Қызылжарлықтардың қонақжайлылығына риза болған ол фестивальдың жоғары деңгейде өткенін атап көрсетті. Шынында да, өрендер өздері білім алатын оқу орындарының намысын қорғап, күнделікті кездесетін түрлі жағдайларды әдемі әзіл арқылы жеткізді.

Өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен командалар қатарында Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың “Дарын style” құрамасы бар. Жарысқа тыңғылықты дайындалған олар қалжыңдарының басым бөлігін мектеп өміріне арнап, үшінші орынды иеленді. Екінші орынға көкшетаулық “Күле сал” құрамасы лайық деп танылса, Қостанайдан келген “Жаңа ғасыр” командасының жастары бірінші орынға ие болды. Ал Гранпри мен облыс әкімінің кубогын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алатын “Қызылкент” командасының өрендері жеңіп алды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp