«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИАС — ЖЕҢІМПАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алаш партиясының 100 жылдығына орай Көкшетау қаласында “Бала ақын – жас дарын” атты мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық ақындар айтысында жерлесіміз Диас Аяған жеңімпаз атанды.

Біздің өңірден облыстық айтысқа Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары Диас Аяған мен Шыңғыс Ғабдуллин қатысқан болатын. Сөз мәйегін тамызып, ұйқасты ойларын ортаға салған жас дарындар тамаша өнер көрсетті. Әсіресе, осынау айтулы додада көкшетаулық 12 жас ақыннан оза шауып, бәйге алған Диас Аяғанды ерекше атап өткен жөн. Жеңімпаз атанған жерлесіміз ұстаздарының да мерейін үстем етті. Ол айтыстың ақтаңгерлері – Құдайберлі Мырзабек, Дәулеткерей Кәпұлы сияқты қазылар алқасы мүшелерінің жоғары бағасын алды.

– Айтысқа 13 жасымнан бастап ден қойдым. Осыған дейін бірнеше жарысқа қатысып, жүлдегер атандым. Облыстық ақындар орталығы айтыскерлер сыныбының жетекшісі, ұстазым Аманжол Зағыпар мені айтулы додаға бір айдай даярлады. Ұстаздарымның үмітін ақтау үшін жақсы өнер көрсетуге тырыстым, – деді Диас Аяған.

Туған жердің топырағынан дарыған ақындық қасиетінің арқасында жас өрен алда талай байқауларда бақ сынары сөзсіз. Қазіргі таңда ол қараша айының соңында өтетін облыстық айтысқа дайындалуда. Болашақта өз өмірін журналистика саласымен байланыстыруды армандайтын ақын баладан ұстаздары да зор үміт күтеді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp