«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС ӨРКЕНДЕГІ” ДҮБІРЛІ ЕҢБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері Петропавл қаласының “Жас өркен” ықшамауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сүріліп, орындары босатылып жатқан ескі жекеменшік тұрғын үйлердің телімдері дереу құрылыс алаңдарына айналуда.

Сондай нысандардың бірі – Спорт сарайының жанынан салынып жатқан 332 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын үй. Оның құрылысы биылғы жаздың соңында басталған, қазір төртінші қабаты көтерілуде. Осы күндері мердігер компания – “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысқа елу шақты маманды жұмылдырып отыр. Олардың арасында отыз жылдан бері құрылыс саласында тапжылмай еңбек етіп жүрген төртінші санаттағы тасқалаушы Ысқақ Тайжанов та бар. Ол қаланың көркеюіне, тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуіне үлес қосып жатқанын мақтан тұтады.

Учаске бастығы Сергей Голубевтің айтуынша, балалардың шағын орталығы бірге салынатын тұрғын үй құрылысына серіктестіктің өз өнімдері пайдаланылуда. Тек кірпіш Көкшетау қаласынан жеткізіледі екен. Бұл көпқабатты тұрғын үй 2019 жылдың соңында пайдалануға берілмек.

СУРЕТТЕ: тасқалаушы Ысқақ Тайжанов.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp