«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ДОДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облысымызда ауыр атлетикадан ашық чемпионат басталды.

Екі күндік сайысқа өңірімізден 101 жасөспірім қатысуда. Чемпионаттың ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің бұйрығымен өңіріміздің бір топ ауыр атлетіне спорт шебері мен спорт шеберлігінен үміткер атақтары берілді. Ал облысымыздың аға жаттықтырушысы Ерік Әлібаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.

Қостанай қаласында өтетін ел чемпионатына іріктеу кезеңіне он команда қатысуда. Жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінген.

– Ауыр атлетика спортында қыздардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Спорт шебері атағына ие болған 10-сынып оқушысы Диана Мұсабекова мен Есіл ауданының спортшы қыздарына сенім артып отырмыз, – дейді аға жаттықтырушы Ерік Әлібаев.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүтсік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp