«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші – 18,5 пайызға, инвестициялар көлемі – 10,7, өнеркәсіп өндірісі – 5,2, ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі 2,6 пайызға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі есепті кезең ішінде 144,2 миллиард теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (62,5 пайыз) болып табылды. Оның көлемі 90 миллиард теңгеден асты. Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басымдылық танытқан салалар – ауыл, орман және балық шаруашылықтары – 41,9 пайыз, өнеркәсіп 21,5 пайызға тең.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 461,1 миллиард теңгені құрады. Тірідей өткізілген мал мен құстың барлық түрлерінің жалпы салмағы 76,3 мың тонна болды. 492,5 мың тонна сиыр сүті сауылып, 579,2 миллион дана тауық жұмыртқасы алынды. Сүт пен кілегей өндірісі – 30,5 пайызға, ірімшік және сүзбе – 21,4, ал сарымай өндірісі 20,6 пайызға ұлғайды.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндірістер, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда) 180 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының 70,4 пайызын алатын өңдеу өнеркәсіптерінде 126,8 миллиард теңгенің өнімі шығарылды.

Машина жасау көлемі – 2,2 есе, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 есе өсті. Мұнай өнеркәсібіне арналған жабдықтар – 1,9 есе, ерлерге арналған жұмыс киімін шығару – 48 пайызға, бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шыға ру – 39,4 пайызға, асүй жиһазын жасау көлемі 27,5 пайызға өсті.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаждау ұйымдары өз күштерімен 50 миллиард теңгенің мердігерлік жұмыстарын орындады.

Аталған мерзім ішінде 426 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 388-і – тұрғын үй. Кәсіпорындар мен жекелей тұрғындар өңір аумағында жалпы ауданы 100 137 шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысын аяқтады. Тұрғын үй құрылысының бір шаршы метріне кеткен орташа нақты шығын – 85,1 мың теңге (өткен жылдың қаңтар-қазан айларында 66,4 мың теңге болған).

Бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11 пайызға артқан, яғни 171 миллиард теңгені құрап отыр. Саудамен айналысатын кәсіпорындар 726 миллиард теңгенің, жеке кәсіпкерлер 985 миллиард теңгенің тауарын өткізді. Көтерме сауда көлемі 227,5 миллиард теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,3 пайызға өсіп, 101 814 теңгеге жетті. Соның ішінде ірі және орта кәсіпорындардағы еңбекақы өсімі 9,8 пайызды құрады, яғни 109 416 теңге болып отыр. Жалақының ең жоғары мөлшері кен өндіру және ашық кендерді қазу кәсіпорындарында (235 890 теңге), қаржы және сақтандыру мекемелерінде (179 731 теңге), көлік саласында (165 321 теңге), ақпарат және байланыс саласында (140 703 теңге) тіркелді.

Қазан айында жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 23 693 теңгеге жетті, бұл өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,2 пайызға көп. Азық-түлік қоржынының құны 14 216 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 105,8 пайызға өскен. Азық-түлік тауарларының бағасы – 4 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,4 пайызға, ақылы қызметтердің бағасы 7,5 пайызға өсті.

Азық-түлік бағасына тоқталсақ, жұмыртқа бағасы – 4,9 пайызға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері – 1,5, майлар мен тоңмайлар – 1, ет және еттен жасалған өнімдер – 0,7 пайызға, ал сүт өнімдерінікі 0,6 пайызға көтерілгені байқалған. Қант – 7,6 пайызға, жармалар – 4,3, жеміс пен көкөністер 0,1 пайызға арзандаған.

Жуу, тазалау құралдарының бағасы – 2,5 пайызға, үй тұрмысына қажетті заттар мен тұрмыстық техника – 1,1, аяқкиім мен оның жекелеген түрлерінің және фармацевтикалық өнімдердің бағасы 0,8 пайызға артқан.

 

Бензин – 7,7, дизель отыны – 6,8, қатты отын 4,6 пайызға қымбаттады. Ал темір жол жолаушылар көлігімен жол жүру бағасы 1,2 пайызға көтерілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp