Талшық орта мектебінде “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту процесін ұйымдастыру” тақырыбында семинар өтті.
Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерттей бастаған аудан мұғалімдері үшін арнайы семинардың өтуі туындаған сұрақтарына жауап табуға берілген мүмкіндік болды. Шалғайдағы ауыл мектептерінің мұғалімдері “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының оқытушылары Гүлзат Әлжанова, Әлима Қабденова және Нұрдәулет Шаяхметтен “Мәңгілік Ел” идеясының құндылықтары, білім беру бағдарламасы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар әлеуеті жайлы сұрап білді.
Бүгінгі мұғалімнің еңбегі тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Сондықтан мұғалімдерге қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі тұлғаны қалыптастырудың түрлі жолдары көрсетілді.
Аягөз ХАСЕНОВА,
білім бөлімінің әдіскері.
Ақжар ауданы.